Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 4757 0 пікір 11 Тамыз, 2015 сағат 08:36

«СӘТТІ ҚАДАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ

 

 

«Сәтті қадам» жобасы Қазақстанда 2013 жылдан бері жүзеге асып келеді. «Нұр Отан» партиясы алға қойған жобаға ЖОО мен арнайы оқу орындарын тәмамдаған жастар шақырылады. Жобаның басты мақсаты – еліміздегі ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру. Жоба қатысушыларды іріктеу, сұхбаттасу, сондай-ақ, тренингтер арқылы кәсіби біліктіліктері мен жеке мүмкіндіктерін қалыптастыруды көздейді.

Астана қаласының ұйымдастыру комитеті ағымдағы жылдың тамыз айында «Сәтті қадам» жобасының жаңа кезеңінде құжаттарды қабылдау науқанын аяқтады. Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 1000-нан аса өтініштер қабылданды. Астана қаласында сұхбаттасуға 192 адам өтті. Қатысушылар үшін сұхбаттасу 11-13 тамыз аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/1 «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты ғимаратында өтеді. Анықтама телефоны: 8 (7172)707-684.

Нұрлан Сыдықов,  «Жас Отан» ЖҚ төрағасы: «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы – жас мамандар үшін тиімді әлеуметтік саты болып табылады. Бағдарлама жастарға кәсіби жағынан және тұлға ретінде қалыптасуына, аяққа нық тұруына септігін тигізіп, еліміздің алдыңғы қатарлы ұйымдарында тәжірибе жинақтауларына көмектеседі. «Жас Отан» ЖҚ аталмыш жобаны іске асыра отыра, Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға өз үлесін қосады. Жоба бойынша жұмыс тапқан қатысушылар, соның дәлелі. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530