Сенбі, 6 Наурыз 2021
Билік 2982 0 пікір 15 Тамыз, 2015 сағат 11:45

ЕГІСТІК АЛҚАБЫНДАҒЫ ЕЛДІҢ СЫБАҒАСЫ

 «Қыста малыңды бақ, жазда шөбiңдi шап» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Сондықтан, қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаз бен күзгі науқандық жұмыстарды ұйымшыл¬дықпен атқару басты талаптың бірі. Осыны ескерген шаруалар қазір барлық күш-жiгерді осы мақсатқа жұмылдырып, егін орып, мал азығы қорын дайындау қамына кірісті. Дала төсін дүбірге бөлеген диқандардың қызу тірлігі облыстың барлық ауданында жүріп жатыр. Осыған орай, егіс алқаптарындағы еңбек дүбірін назарында ұстап отырған облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ сала маман¬дарымен бірге Кербұлақ ауданындағы бірқатар шаруа¬шылықты аралап, еңбеккер¬лердің қал-жағдайын біліп қайтты. Амандық Ғаббасұлы ал¬дымен Көксу ауылдық ок¬ругіндегі «За¬рина», «Абы¬қан», «Ақылбай» ша¬руа қо¬жବлықтарының тыныс-тір¬шілігімен танысты. Облыс әкімін алқап басын¬да қар¬сы алған атал¬мыш шаруа¬шылық басшылары бір жа¬ғадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек етіп, нау¬қандық жұмыстарды ұйым¬шыл¬дықпен атқарып жат¬қандықтарын әңгіме¬леп берді. Олардың бүгінгі тір¬лік¬тері жаман емес, жер, мал, ауыл шаруашылығына қажет техни¬калармен де жеткілікті қамтама¬сыз етіл¬¬ген. Айта кетейік, биыл ау¬данда егіс алқабы сегіз мың гек¬тарға ұлғайтылған. Елбасының тапсырма¬сына сәйкес бос жатқан жер¬лер¬дің басым бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылып, сол жер¬ден телімін алып игеріп отырған «Абықан» ша¬руа қожалығы бүгін¬де егіс кө¬лемін көбейтіп, арпа-бидай еккен. Қазір орта есеппен әр гектардан 26 центнер¬ден өнім жиналуда. Біз барған сәтте дала төсін дүбірге бөлеген ком¬байншылар еңбек көрігін қыздырып, егін ору нау¬қа¬нын қыздырып жатты. Сол жерде Көктал өзеніне са¬лынатын шағын су электр стансыларының жобасы таныстырылды.

Құны 15,5 млрд. теңгені құрайтын бес гид¬р¬электрстансысының құрылысын «Жарық Энер¬го» ұлттық энергетика¬лық ком-паниясы» жауап¬кер¬ші¬лі¬гі шектеулі серіктес¬тігі қол¬ға алыпты. Қазіргі кез¬де жер телімі бөлініп, жо¬балау іс¬тері жүргізіліп жат¬қан кө¬рі¬неді. Жаңа жыл¬дан бастап электр қуатын өн-ді¬ретін алғашқы стансы¬ның құ¬ры¬лысы басталмақ. Жал¬пы қуаты 37 мегаватт бо¬ла¬тын бес стансы 2020 жылға дейін іске қосылады деген болжам бар. Көксу ауылындағы са¬бан¬нан биоотын жасайтын зауыттың техно¬логиялық желісі де назарға ұсыныл¬ды. Көксу ауылының әкімі Ерға¬ли Сатымбаевтың сөзіне жүгінсек, осы биоотынның жы¬лыту жүйесінде қол¬да¬ны¬ла бастағанына бір жылдың жүзі болыпты.Экологиялық жағынан таза өнім Кер¬бұ¬лақ, Ұйғыр және Ақсу ау¬дан¬дарындағы мектептер мен басқа да әлеуметтік маңы¬зы бар нысандарда пай¬да¬ла¬нылуда. Қажетті шикізат келісімшарт негізінде шаруа қожалықтарындағы алқап¬тардан жиналады. Өңірдегі ауқымды тірлік¬терге көз жеткізген облыс басшысы Талдыбұ¬лақ ауы¬лындағы «Алатау Дейри» жауапкершілігі шектеулі се¬рік¬тестігін¬дегі шаруа бары¬сына да назар ау-дар¬ды. 2007 жылы құрылған серік¬тес¬тік мал және егін ша¬руашылы¬ғы¬мен айналы¬са¬ды. Бұл жердегі іс барысын Рахымжан Әлжан¬ұлы баян¬дады. Барлығы 10047 гек¬тарды құраған қара топы¬рақ¬ты алқапта шабындық және жайылымдық жер бар. Егістігінде арпа мен күздік, жаз¬дық бидай және көп¬жыл¬дық шөп өсі¬ріледі. Шілің¬гір шілдені артта тас¬таған диқандар қазір ма¬сақ¬ты дәнді дақылдарды жинау қамында. Оның 750 гектары орылып, 1 225 тонна астық бастырылған. Әр гектардан орта есеппен 17 центнерден айна¬лып, жалпы күтілетін өнім көлемі 5 мың тоннаны құрамақ. Бұл өңір кар¬тобы¬мен де көпке танымал. Өйт¬кені, ол жердің табиғаты осы дақылды өсіруге өте ыңғайлы. Сондықтан да оны күтіп-баптап, өсіп-жетілдіру шаруасы еш кедергісіз ат¬қа¬рылады. Биыл 100 гектар жерге гол¬лан¬диялық техно¬ло¬гия¬мен санта, розада деп ата¬латын екі түрлі картоп отыр¬ғы¬зылған. Шаруашылық ма¬мандары¬ның айтуынша, оның әр гектарына 19 мың¬нан субсидия төленіпті. Әр гек¬тар¬дың орташа өнімділігі 250 цент¬нерді құраса, ал-дағы уақытта 25-26 тонна көле¬мінде картоп алу жос¬пар¬лануда. Шаруашылық санға емес, сапаға мән бе¬реді. Бағалы дақыл арнайы қоймада сақталынады. Ке¬лесі кезекте ауыспалы егістік жүйесін сақтау үшін оның орнына көпжылдық шөп егілмек. Серіктестік ауыл шаруа¬шы¬лығына қажет техникалармен де толық қамтамасыз етілген. Тұқым да өздерінен табылады. Тұрақты тұты¬нушылары да бар. Жалпы, шаруашы¬лықта барлығы жүзден аса адам еңбекке тартылған. Еліміз Дүниежү¬зілік Сауда Ұйы¬мына мүше. Демек, бәсе¬ке¬лестік көп.

Ал экологиялық жағынан таза әрі сапалы өнімге деген сұ¬раныс еш¬қашан үзілмек емес. Осы¬ған байланысты Амандық Ғаб¬бас¬ұлы: – Біз Дүниежүзілік Сау¬да Ұйымы¬на кірдік. Бұл елі¬міздің экономикалық өр¬леуі, жаңғыруы мен бәсе¬кеге қабі¬летті болуы үшін аса маңызды. Сон¬дықтан өзіміз өсіріп, өндіріп отыр¬ған ауылшаруашылық, бас¬қа да сала¬лардағы өнім-дерімізді еурос¬тан¬дарт¬қа сай етіп шығаруымыз ке¬рек. Сон¬дай дәрежеге қол жет¬кізілсе, эко¬логиялық жа¬ғы¬нан таза өнімдеріміз қай елде болсын жоғары баға¬ланып, үлкен сұраныс¬қа ие болады. Ол үшін Үкі¬мет¬тен қол¬даулар көрсе¬тіліп, суб¬сидиялар төле¬нуде. Мәселен, биыл 24 млрд. теңгеден аса суб¬сидия ал¬дық. Осыны тиімді пай¬да¬лансақ, көздеген мақ¬¬¬са-ты¬мызға жетеміз де¬ген ой¬да¬мын. Елбасымыз облысқа жасаған жұмыс сапары ба¬р¬ысында өңірі¬міз үшін дәс¬түрлі санала¬тын қант қы¬зылшасын, жү¬ге¬ріні, мал шаруа¬шылығын және тағы сол сияқты ауыл шаруа¬шылығы салаларын дамы¬туды тапсырды. Ен¬дігі ке¬зекте осының бәрін еске¬ріп, оң нәтиже шыға¬руы¬мыз қажет, – деді. Облыс әкімі Қоғалы ауы묬дық округіндегі «Мә¬ди» шаруа қожалығында да болды. Онда мінсіз жұмыс атқарып тұрған жаңа зама¬науи комбайндарды көріп, көңіл марқайтты. Шаруа қожалығының басшысы Қа鬬рат Бекиевтің ай¬туын¬ша, бұл техникалар еңбек өнімділігін арт¬ты¬руға ерек¬ше үлес қоспақ. Сол ал¬қапта несібесін жер¬ден айырып жүрген ди¬қандар тамылжыған та¬мы第дың ап¬тап ыстығына қарамастан егін ору нау¬қанына қызу кірісіп, еңбек көрігін қыз¬дырды. Тасы өрге дома¬лаған қожалық¬тың негізгі бағыты егін және мал ша¬руашылығы. Оларға был¬тыр және биыл «Агробиз¬нес–2020» бағ¬дарламасы аясында егін шаруашылығы бойынша 6,2 млн. теңге көлемінде демеуқаржы бе¬рілген. Бар¬-лығы алпыс бір техни¬касы бар, өткен жылы ли¬зинг¬ке бір трактор, бір дәрі шашқыш, екі комбайн алып¬ты. Сондықтан, нау¬қандық жұмыстарды жүргі¬зуде еш кедергі жоқ. Алқап басындағы жаңа комбайндар осының дә¬ле¬ліндей дала төсін дүбірге бөлеуде. Қалай десек те, ауылдықтар үшін жаздың соңғы айында міндет етіп, қай¬рат қылар шаруа же¬тер¬лік. Мұны «Байғазы» шаруа қожалығының ди¬қан¬дары жақсы біледі. Ал¬тынемел ауылындағы атал¬ған қожалық негізінен егін шаруашылығымен шұғыл¬данады. Сала қызметкер¬лерінің сөзіне жүгінсек, маңызды науқанға олар да барынша ыждаһат¬тылық¬пен дайындалыпты. Қол¬дағы бар техникаларын тү¬гендеп, ескіргендерін ша¬ма жеткенше лизинг ар¬қылы жаңартуға ден қой¬ған. Жанар-жағармайдан да таршылық көріп отырған жоқ. Қожалық басшысы Юрий Дембицкий қазірге дейін 1100 гектар жерден астық жиналып, 1900 тонна астық бастырылғанын жә¬не оның орташа өнімділігі гектарына 18 центнерден айналғанын сөз етті. Жалпы, биыл күрең¬бел¬діктер 80 мың гектар жер¬ден дәнді дақылдар жи¬намақ, ал оның 25 мыңы бидай. Астық түсімінің ор¬таша өнімділігі 20-25 цент¬нерден айналуда. Егін орып, елдің ырысын ысы¬рап¬сыз жинау жұмысы қоңыр күзге дейін жалға¬са¬тын болады.

Айгүл Байбосынова

Кербұлақ ауданы.

Abai.kz

0 пікір