Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 6783 0 пікір 21 Тамыз, 2015 сағат 09:02

СОЛТҮСТІКТІҢ ТҰРҒЫНЫ ОҢТҮСТІКТІ КӨРІП ШОК АЛДЫ

Шымкент туралы талай қызықтарды естіген қостанайлық азамат Павел Тенцер аты шыққан қаланы өз көзімен көріп қайтуға бел буады.


«Қашан да X / 13 нөмірлі фура мен жеңіл көлік жүргізушілерін көргім келетін. Олардың түрі, сөйлеу мәнері мен акценті қандай екенін білгім келді. Шымкентте болғаннан кәдімгідей мәдени шок алдым…» – деп жазады блогер.

Павелдің айтуынша, ол Шымкентті ызалы тұрғындарға толы, түсініксіз жерде орналасқан қала деп елестеткен. Халқы тек қазақша сөйлейтін, орысшаны ұқпайтын, еуропалық адамдар мүлде жолықпайтын, ал кинотеатрлары тек қазақша фильмдер көрсететін мекен деген ойда болған.

«Қала – ірі базар. Басты көшелерде түрлі базарлар толып тұр. Күннің ыстығынан күлге айналуға болады. Жаңбыр мүлдем жаумайды. Ауада құм ұшып жүреді. Көшелері лас. Жүргізушілер бір-бірінің жолын кескіш. Жолдарында хаос орнаған. Мен жартылай қазақ болғаныммен, түрім еуропалық. Мен сияқтыларға көшеге шықпаған дұрысырақ. Әйтпесе тепкінің астында қалуым әбден мүмкін», – деген пікірде болған.

Павелдің бұлай ойлауына ызалы оңтүстік адамдары солтүстіктен келгендерді қақпанына түсіруді тағатсыздана күтіп отырады деген ел арасында тараған қауесет себеп болған екен. Себебі солтүстікте оңтүстіктің адамы қызметке тағайындалса, өңірді оңтүстік адамдары басып алады деген реніштер туындап жатады екен.

«Шымкентке келгенде не көрдім дейсіз бе?! Менің таңырқауымда шек болмады:

— 16-шы наурыз, көшеде +20, кешкі уақыт, әлсін-әлсін жаңбыр жаууда, су асфальттің иісі мұрынға келеді. Көшеде мүлдем қар жоқ;

— вокзалда еш акценті жоқ әйел таза орыс тілінде қай поездің өткенін хабарлап отыр;

— Мен тұрақтаған мейрамхана алдына жап-жасыл шөп өсіп үлгерген;

— Орыс тілінде жазбалар көшелерде жетіп артылады. Орысша атаулар солтүстіктен әлдеқайда көп деуге де болады;

— Қала өте таза;

— Адамдары өте ашық, қонақжай болып шықты;

— Бағалардың төмендігі таң қаларлық («Алтын Қазына» атты жақсы қонақүйдегі екі орындық нөмір бар-жоғы 9500 теңге болды);

— BMW мінген қазақ жүргізуші орысша акцентпен сөйлесіп, орыс тілінде Гуфтің рэбін тыңдап отыр. Ал бізде болса, жүргізушілер көбіне қазақтың ұлттық лирикалық әуендерін қосады;

— Саябақтары кең. Әр жеріне мемориалды тақталар орнатылған;

— «Көк-Сайрам» кафесі — шығыс стилінде салынған үлкен ғимарат;

— орыс тілді еуропалық адамдар саны біздікінен аз емес;

— Біз жүрген көшелердің бойында бірде-бір базар кезікпеді;

— Шымкент жай облыстық орталық емес, мәдениетті дамыған қала болып шықты», – деп түйіндеді Павел.

Блогер Шымкентке қатысты санасында орныққан пікірлердің бәрі жаңсақ болғанына разы екенін жазған. Шымкент тұрғындары өз тіршіліктерін жасап жүрген қарапайым халық болып шыққанына Павел таңданысын жасырмайды.

0 пікір