Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4365 0 пікір 24 Тамыз, 2015 сағат 10:24

КЕЛІМБЕТОВ: АҚША АУЫСТЫРЫП ПАЙДА ТАБАМ ДЕУ – ПАСЫҚ ОЙ

Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңге бағамының еркіне жіберілгенін ескеріп, ақша айырбастау пункттерінен пайда табам деушілерді сабасына түсуге шақырды. Оның ойынша, бұл ақылға сыйымсыз.

Nur.kz жазуынша, бұл туралы Келімбетов КТК арнасының «Слуги народа» бағдарламасында мәлімдеген.

«Біз теңгенің құбылуын әлі бақылайтын боламыз. Сондықтан, ақша айырбастау пункттеріне жүгіріп, пайда тауып қаламын деу әбестік. Біз Шығыс Еуропа елдерін, соның ішінде, валюта күн сайын емес, сағат сайын құбылып тұратын Ресейдегі жағдайды зерттедік. Тұрғындар жинақтарын өз шығындарына сәйкес жұмсаған жөн», – деп кеңес берді Ұлттық банк төрағасы.

Келімбетовтің айтуынша, мұнай бағасы өсетін болса, теңге бағамы  нығая түседі. Ал мұнай бағасы төмендейтін болса, теңге де құлдырамақ.

«Әзірге пайыздық мөлшерлеме бұрынғыдай теңге салымдары үшін - 10%, өзге валюта үшін  -  3%. Сонымен қатар салымдар бойынша шетел валютасында 5 миллионға дейін, ал теңгеде жинақтасаңыз, 10 миллион сомаға дейін кепілдік бар. Әр тұтынушы өзі шешім қабылдайды. Орташа мерзімді  перспективада долларсыздандыру үдерісі басталады деп санаймыз», - деді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Қазақстанда долларсыздану процесі басталатынын да жеткізді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір