Жексенбі, 5 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Билік 2713 0 пікір 25 Тамыз, 2015 сағат 10:41

АХӘ ұжымы «100 нақты қадам» Президент реформасын қолдайды

2015 жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Алматы халықаралық әуежайында (бұдан әрі - АҚ) еңбек ұжымы өкілдерінің 250 адамнан астам қатысуымен кеңес өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау Департамент бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің ұсынған Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіріп, Алматы қаласы Департаментінің сайтында жергілікті атқарушы органдардың бос жұмыс орындары туралы ақпараттандыруларды іздеу жүйесі пилоттық жоба ретінде құрылғанын және әр азамат Департамент сайтында Almaty-anticorruption.gov.kz домені арқылы жергілікті мемлекеттік органдарда керекті бос жұмыс орынды таңдай алатыны туралы айтып өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылықпен және мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда, Агенттіктің 1494 бірыңғай контакт ортылығына шағым бабымен жүгіну мүмкіндігі туралы ақпарат берді.

Алматы қаласы Маслихат депутаты, АҚ Президенті Айбол Бекмухамбетов, көрсетілетін қызмет және инфрақұрылымды жетілдіру бойынша түрлі іс-шаралар дамытылып өткізілетіні туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Ұлт жоспарының үшінші реформасына сәйкес - индустрияландыру жəне экономикалық өсімді қамтамасыз ету ретінде, АҚ экономикаға үлкен үлес қосып, Түрксіб ауданы бойынша ең ірі салықтөлеуші болып табылатыны туралы айтып өтті.

АҚ жастарының өкілі Арнат Ахметжанов, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда АҚ еңбек ұжымының жас ұрпақтың орны және мемлекет алдында тұрған мақсаттарға жетуге жастардың орны туралы айтты.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа орай кітапшалармен сауалнамалар таратылды.

 

0 пікір