Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4878 0 пікір 25 Тамыз, 2015 сағат 16:56

ЭСТОНИЯ РЕСЕЙДЕН САҚТАНЫП ҚАМАЛ САЛМАҚ

Эстония мен Ресей арасында биіктігі екі жарым метрлік қамал тұрғызылатын болады. Ұзындығы 108 км болатын қамал Ресейдің Эстониямен шекарасындағы үш бірдей жаяу әскер орналасқан әскери бөлімін көлегейлеп қалады. Postimees таратқан ақпаратқа сай, бұндай шешімді Полиция департаменті мен шекараны қорғау қызметі шығарған. Жобаның құны 71 миллион евроны құрайды, құрылысы 2018 жылдан басталады деп көзделген.

Сондай-ақ, қамалға қосымша жабайы аңдардың да өтуіне кедергі болатын қоршау салу да ойластырылған. Ал батпақты шекара аумақтарында бекініс салынбайды, тек діңгектер мен бақылау жолақтары ғана жасалатын болады. Чуд көлінің үстінен 600-ден астам шекаралық су қоршауы орналастырылады. Шекара бойымен қойылатын бейнебақылауан сырт ұшқышсыз аппараттар да қауіпсіздікті қадағалайды.

Аталған жобаның құжаты тамыз айының басында Латвияның ІІМ-ге түскен.  Осы сала бойынша басшы Рихард Козловскистің мәлімдеуінше, бұндай қамал жүйесі Орталық Азия мен Таяу Шығыстан келетін мигранттармен күрес үшін де керек. Оның сөзінше бұл құрылыс 4 жыл уақыт алады. Айта кетсек, Ресей мен Эстония арасындағы құрлықтық шекара 324,8 км. Су шекарасы 142 км құрайды.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір