Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 4922 0 пікір 26 Тамыз, 2015 сағат 10:37

ТӨРТІНШІ БИЛІК - ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ. ...

Әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізетін - БАҚ екенін бәріміз де жақсы білеміз... Тіпті, мемлекеттің қауіпсіздігіне де БАҚ тың әсері өте үлкен екенін саясаткерлер айтып жатады. Дегенмен, Қазақстанда осы құралдар қалай жұмыс атқарып жатыр және болашақ мемлекеттің дамуына қандай үлес қосып жатыр деген заңды сұрақ туындайды. Газет - журналдардың көбі - Ресейдікі... Телеарналарға келетін болсақ, тұшымды ештеңе көрсете ала келмей жатқаны ащы болса да - Шындық. Олай дейтінім - қай арнаны қосып қалсаңыз - арзанқол дарақы қалжың мен әншілердің жүргізуші болып алған шоу - бағдарламалар. Әнші - ән айтуы керек шығар?!!! Олардың телеарнада жүргізуші болуы - түсініксіз жағдай...

Қайғылы қартаң біздей шал, 
қарай берсең қайда жоқ, 
Есер, есірік болмасаң, 
тіршіліктен пайда жоқ, - деген Абай хакімнің өлең жолдары амалсыз ойыңызға келеді, осы көріністерден кейін. 
Бауыржан - шоу сияқты, қазақты мазақ ететін шоусымақтардың қаптап кеткені, елдің рухани жағынан дағдарысқа түскендігінің көрсеткіші емес пе? Ана бір жылдары қазақтың данышпан ақыны Абайдың өлеңдерін батыстық Рэп стилінде айтып, бүкіл қазақты мазақ еткенде, сол Бауыржан - шоуға бір адам: - Қой, қарағым, мынауың дұрыс емес, - деп, айтпағаны өкінішті - ақ. Екіншіден, дарақы, даңғаза, даңғой адамдар теледидардағы көптеген шоуларға қатысып, аузына келгенін сөйлеп кетіп жатқаны, біздің осы бағыттағы мәдениетіміздің бір көрінісі іспеттес болып көрінеді маған. Саяси - сараптамалық бағдарламаларда - Вакуум... Оның орынын басқа елдің бағдарламасы басып алса, онда бүкіл ішкі саясат та мемлекеттікі болып кететінін ел басқарып отырған адамдар жақсы біледі. Олай болса, осы төрт аяғынан бірдей ақсап жатқан телеарналардың бірін - бірі қайталап жатқан бағдарламаларын жауып, қажет болса, телеарнаның өзін де жауып тастаған дұрыс шығар?!!! Ұлттық идея, мемлекеттік тіл, тағы да басқа көкейкесті мәселелер әлеуметтік желілерде ғана сарапталып жатқаны, ненің көрсеткіші екені бесенеден белгілі. Сондықтан, ойланатын уақыт жеткен сияқты...

P.S Әлемдегі көптеген дүрбелеңдер әлеуметтік желі арқылы жүріп жатқанын біздің сарапшылар білмейді емес, біледі... Білетін болса, ойланатын уақыт жетті!!!

Советқазы Нұрсила

Abai.kz

0 пікір