Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4843 0 пікір 26 Тамыз, 2015 сағат 10:42

АҚМОЛАДА 19 ЖАСТАҒЫ САРБАЗ АТЫЛЫП ӨЛДІ

 

Ақмола облысында 19 жастағы сарбаз атылып қалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайков мәлім еткен.

Дәрігердің айтуынша, мерт болған сарбаз 1996 жылғы Қызылорда облысының тумасы. Өткен күзде ғана әскер қатарына алынып, Ақмола облысының Гранитный кентіндегі 166/25 мекемесінде әскери қызметін өтеп жүрген екен. 

«Бізге белгілі мәлімет - сарбаздың өзі әскери қызметін өтеп жүрген мекемеде кезекшілік уақытында 4-ші постағы бақылау мұнарасында АКМ-74 қаруынан басынан атылып қалғаны. Кеше біздің облыстық ауруханаға ол сағат 10:50 шамасында жеткізілді. Алайда сарбаздың өміріне араша түсу мүмкін болмады, халі өте ауыр болды. Қолдан келгеннің бәрін жасадық. Тура жарты сағаттан соң ол тілге келместен жантәсілім етті», - деді бас дәрігердің орынбасары.

 

Абай-ақпарат

0 пікір