Жұма, 4 Желтоқсан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 133887. Жазылғандар — 118004. Қайтыс болғандар — 1990
Жаңалықтар 3707 0 пікір 26 Тамыз, 2015 сағат 11:21

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА РЕСЕЙ автосалондары көлік сатпайды

Ресейдің Екатеринбург қаласындағы автодилерлер қазақстандықтарға көлік сатпау туралы бұйрық алған. Бұл туралы Nur.kz жазып отыр.

Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, мұндай бұйрық Қазақстандағы автодилерлерге қолдау көрсету мақсатында жоғарыдан берілген екен.

Қазақстандықтардың Ресейге сауда жасауға ағылуына тағы да рубльдің доллар мен еуроға шаққанда құнсыздануы себеп болған.

Қазақстан тұрғындары Екатеринбургке көлік алуға өткен жылдың аяғынан бастап ағылуда. Сол аралықта Қазақстан автодилерлері сатып алушылар азайғаннан зардап шегіп жатыр.

Ал Екатеринбург автосалондары бұл жайтты теріске шығарып отыр. Олар қазақстандықтардың қалаға көлік алу үшін келе беруіне болатынын айтқанымен, қазірде валюта құбылуына орай көлік бағалары қайта қаралып жатқанын алға тартты.

Ендігі көліктердің құны қандай болары белгісіз. Сатып алушылар бұған дейінгі беріліп келген жеңілдіктерден де қағылатын сыңайлы.

 

Абай-ақпарат

0 пікір