Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6151 0 пікір 26 Тамыз, 2015 сағат 11:45

Leonardo DiCaprio АРАЛ ТЕҢІЗІНЕ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Әйгілі актер Леонардо Ди Каприо Instagram желісінде Арал теңізінің жағдайына алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 "Метафорамен сөйлейтін болсам, түйелер Арал теңізінің суының үстінде, құрғап қалған бедерден өтіп бара жатыр. Суару мақсатында суды бұру теңіздің көлемін кішірейтті, сөйтіп, бір кездері керемет шығанақ болған жерде кеме қирандыларының моласы пайда болды", - деп жазды Леонардо Ди Каприо.

Кейін ол бұрынғы кеңес республикаларындағы табиғатты ластаудың салдары жайлы, оның ішінде Чернобыль апаты туралы суреттерді  www.gerdludwig.com сайтынан көруге болатынын айтты. Суретке 40 мыңға таяу лайк қойылып, 400-ге жуық пікір жазылған. 

Суреттің авторы соңғы кезде шығармашылығымен Қазақстан жерінде айналысып жүрген фотограф - Герд Людвиг (Gerd Ludwig). Ол National Geographic телеарнасының фотографы. Осыған дейін бұл фотографтың Қазақстанда түсірген суреттері Интернетте қызу талқыға салынып жүр. Мәселен, Natgeo аккаунты осыған дейін Алматының суретін жариялаған болатын. Суретте жолаушылары көп ескі автобус пен оның кондукторы бейнеленген еді. Бір күн ішінде Instagram желісіндегі автобус суретінің астында наразы мәндегі пікірлер көптеп жазылды - 2500-ден астам пікір. Қолданушылар телеарнаның Алматының жаман жағынан көрсеткен суретін жариялағаны үшін наразы болды. Кейін Natgeo аккаунты Астананың әсем суретінжария етті. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616