Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4239 0 пікір 27 Тамыз, 2015 сағат 02:00

Samsung Electronics ЭКСПО-2017 серіктесі болу ниетін растады

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Samsung Electronics Орталық Еуразия» Президенті Ким Юнсумен кездесу өткізді.

 

Оңтүстік Корея корпорациясының өкілі компанияның «Астана ЭКСПО-2017» ҰК серіктес болу және алдағы көрмеге қатысу ниетін растады. Тараптар ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын талқылады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов атап өткендей, жақын арада ұлттық компания Samsung Electronics-пен серіктестік туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

 «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйым, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллиондай сапарлар болады деп күтіледі.

 

Абай-ақпарат

0 пікір