Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Абай.tv 6809 0 пікір 27 Тамыз, 2015 сағат 16:00

Т. ЖҰРТБАЙ: ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ 64 ПАЙЫЗЫ ҚАЗАҚ ЕМЕСТЕРДІҢ ҚОЛЫНДА

Ұлытау кентінде «Ұлытау – ұлт бесігі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  өтті. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы «Ұлт ұясы  Ұлытауда» жоғары деңгейде аталып өтті. 

 Ғылыми-практикалық конференцияда көрнекті тарихшылар, жазушылар мен ғалымдар баяндама мен зерттеулерін жұрт назарына ұсынды. Конференцияға жиналған ғалымдар Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының Ұлытауда өтуінің маңызы зор екенін атап өтіп, Қазақ хандығы тұсындағы Ұлытау өңіріне қатысты тың зерттеулерін ұсынып, тарихымызды бүтіндеу бағытындағы ойларын ортаға салды. 

Қазақ тарихындағы «Алаш үкіметі» тақырыбында зерттеу жүргізген профессор Тұрсын Жұртбайдың баяндамасында алаш идеясы, қазіргі қазақ идеясы кеңінен айтылды. 

Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ұлытауда өткен "Ұлтытау — ұлт бесігі" атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзі.

 

Abai.kz

0 пікір