Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4188 0 пікір 30 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ҚАЗАҚСТАН - КОРЕЯ ДОСТЫҚ БАҚШАСЫ АШЫЛАДЫ

26 тамыз. Елорда төрінен «Қазақстан – Корея достық бақшасы» деп аталатын демалыс саябағын ашу көзделіп отыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметінің мамандары бірігіп «Қазақстан – Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізді. Аталған жобаны Корей Республикасының 1 млн доллар көлеміндегі инвестициялық қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Достық бақшасын құру мақсаты — серіктестікті нығайту және Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады. Кеңес қорытындысы бойынша Астана қаласының әкімдігі мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында «Қазақстан – Корея достық бақшасы» жасыл аумағын құрудағы серіктестік бойынша өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/08/26/74156

0 пікір