Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6232 0 пікір 31 Тамыз, 2015 сағат 12:48

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР НАЗАРБАЕВҚА АЛҒЫС АЙТТЫ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге сапары барысында қытайлық корпорация басшыларымен кездесті деп хабарлайдыАқорданың баспасөз қызметі.

Баспасөздің хабарлауынша, елбасы «СИТИК Групп» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнминмен кездесті.

Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық дамуына компанияның қатысуы мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы “СИТИК Групп” корпорациясы мен Қазақстанның жақсы ынтымақтастық тарихы бар екенін атап өтті.

“Біз бірлесіп жұмыс істеген жылдары мол тәжірибе жинадық. Компания Қазақстанның нарығындағы қызметі кезінде оң нәтижелерге жетті. Қазір жаңа заман келе жатыр, жаңа жобалар мен міндеттер туындауда”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Чан Чжэнмин компанияға көп жылдар қолдау көрсеткені және елде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасағаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтты.

Сонымен қатар баспасөз-қызметі Қазақстан перзидентін «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен кездескенін мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар энергетика секторының даму перспективаларын, сондай-ақ, корпорацияның Қазақстанның көмір өнеркәсібіне қатысуын ұлғайту мәселелерін қарастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Цинхуа» корпорациясымен бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар біздің еліміз үшін серпінді мәні бар екенін айтты.

“Сіздің компания Қазақстанда бірінші рет көмірді кешенді өңдеуден өткізеді. Оның мол қоры бар екенін ескерсек, бұл біздің энергия теңгерімі үшін зор мәнге ие”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, бүгін президент CNPC корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті.

Кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа экономикалық жағдайдағы дамуына корпорацияның қатысуы мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы республикамыз бен CNPC компаниясының зор ынтымақтастық тәжірибесі бар екенін, осы жылдар ішінде тараптар өзара іс-қимылдың қомақты базасын қалыптастырғанын айтты.

“Компанияның мұнай-газ нарығына қатысуы – біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыздың басты тармақтарының бірі. Сіздің корпорация көмірсутегін өндіру, тасымалдау және өңдеу саласында жұмыс істейді. Биылдан бастап CNPC-дің Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамына кіруінің де маңызы бар”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті корпорацияның қатысуымен елімізде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларға тоқталды.

“Қашаған кеніші игеріліп, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылуда. Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтары кешені, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры салынуда. Бұл жобалар зор маңызға ие және бүгін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздеріміздің арқауы болады”, – деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев корпорацияның шикізат секторынан басқа салада да бай тәжірибесі бар екенін айтты. Осыған байланысты президент  CNPC-ді Астанада құрылуы жоспарланып отырған халықаралық қаржы орталығының жұмысына да белсене қатысуға шақырды.

Соңында Қазақстан президенті CNPC-дің озық технологиялар әзірлеудегі қызметіне жоғары баға берді және осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге мүдделілік білдірді.

Ван Илинь Қазақстан нарығында жұмыс істеген 20 жыл бойы компанияға қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Елбасының ҚХР-ға спараы осылайша нәтижелі қортындаланды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қытаймен арадағы шекара келісімі мен транс шекралық өзен суларын ортақ пайдалану, сол сияқты Шанхай Ынтымақтасық Ұймы сияқты іс-шараларарға мұрындық болып келе жатқанын еске саламыз.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3539