Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4647 0 пікір 1 Қыркүйек, 2015 сағат 16:00

МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ ДАУЛЫ АУДИО-ЖАЗБА ЖАЙЛЫ ПІКІРІН АЙТТЫ

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы интернет желісінде дүрбелең туғызған даулы аудиожазбаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыдан бірнеше күн бұрын YouTube желісінде "Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы" деген атаумен атышулы аудиожазба жарияланып (http://abai.kz/post/view?id=4486), қызу талқыға түскен еді.

 

Аудижазбада дауысы саясаткерден аумайтын біреу «кино қызметкерлеріне» жұмсалып қойған миллиондарға қалай сметаны шақтауға болатынын және қалған қаражатқа қалай фильм түсіру керектігін үйретіп, нұсқау береді.

Сондай-ақ, «Қазақ елі» жобасының қаржылық мәселелері қарастырылып, шамамен Мұхамедиұлы болуы мүмкін ер кісі оларға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін, алайда ол прокурорлар келіп, киностудия жұмысы тоқтап қалмас үшін саналы түрде «құрбандыққа барып отырғанын» айтады.

Енді сол аудио-жазбаға қатысты Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында: "Ол жерде ашық әңгіме болды: процесс қайда, қай жерде. Бізге ең бастысы - үдерісті алға жүргізу керек болды. Өздеріңіз білесіздер, ақпарат құралдарында бөлінген ақшаның жұмсалып кеткені, ал фильмнің тоқтап қалғаны айтылды. Бірақ шын мәнінде, өздеріңіз сол әңгімеден куәгер болғандай, ол ақша кешіктірілген. Мен керісінше, техникалық кешігулер болмасын деп, оның себебін анықтадым. Біз ол мәселені шештік. Қазір ол фильм процесін жалғастырып жатыр. (...) Сондықтан бұл бәріміз тағатсыздана күтіп жүрген қызықты жоба болады деп үміттенемін", - деп мәлімдеді.  

Сонымен қатар, ведомство басшысы журналистермен әңгімелесу барысында режиссерлердің түсірілімге өз туыстарын тартуын құптамайтынын айтқан. "Сондықтан театр қызметі бойынша заңды қорғаған кезде мен сөз сөйледім, "бірінші басшы болсаң (әңгіме фильмнің Бас режиссері жөнінде - Авт.) әрине, басты рөлде сүйікті жарың, сүйікті балаларың ойнайды. Сондықтан мен ашық айттым, бұл үрдісті тоқтату керек. Егер адам расында да талантты болса, мархаббат. Ал тіреуішім бар екен деп, өз жақындарын түсіретіндерді мен мүлде қолдамаймын", - деді Мұхамедиұлы.

Abai.kz

0 пікір