Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3878 0 пікір 14 Қыркүйек, 2015 сағат 07:37

АЛМАТЫ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫНЫҢ РЕФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

2015 жылың 7 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттері, Жастар саясаты басқармасы мен   «Жасыл ел» ұйымының ұйымдастыруымен «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын қолдаймыз» атты флэшмоб өткізді. 

100 студент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам Ұлттық Жоспарына тоқталып,  тамаша би түрлерін көрсете отырып,  «Жемқорлықсыз – болашақ Қазақстан»  ұранымен  100 түрлі-түсті шарды әуеге ұшырды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің  бөлім  басшысы Мақсатхан Анапин студенттердің шарада белсенділік танытқанына алғысын білдіре отырып,   100 нақты  қадамның 15 қадамына тоқталып, бірінші реформаны жүзеге асыру мақсатындағы  кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар болашақта жоғары оқу орнын бітірушілер - жас мемлекетіміздің экономикасының негізі   екенін атап өтті.

Студенттердің құрылыс отрядының  басшысы Жұмағали Есенбек Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ студенттері атынан «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының маңыздылығына тоқтай келе, оны  қолдайтындарын  білдірді.

 Абай-ақпарат

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616