Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 2973 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ОҚО: ЗАҢСЫЗ ДҮҢГІРШЕКТЕРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заңсыз дүңгiршектермен күрес жалғасып жатыр. Заңсыз сауда нүктелерiн бақылауға бұл жолы тәртiп сақшыларымен қатар, аудан әкiмдiгiнiң өкiлдерi және қалалық жер қатынастары, кәсiпкерлiк бөлiмiнiң мамандары, iшкi iстер бөлiмi қызметкерлерi жұмылдырылды.

Рейдтiк шара барысында Төле би көшесiнде «Оптовик» сауда үйiнiң алдындағы ет сататын дүңгiршек орнынан алынды. Қазiргi таңға дейiн Шымкент қаласы жер қатынастары бөлiмi тарапынан Әл-Фараби ауданында орналасқан 98 дүңгiршек тiзiмi анықталды. Соның iшiнде 78-i заңсыз орнатылған, 17-сi мақсатына сай емес және 3-еуi өз бетiнше иеленiп алынған. Анықталған меншiк иелерiне 7 күн iшiнде дүңгiршектердi алып тастау керектiгi туралы ескертпе парақшалары таратылды. Заңсыз орнатылған нысанды алуға iс-әрекет қарастырмаған және жабайы саудамен айналысып отырған тұлғаларға Әл-Фараби ауданы полиция бөлiмi тарапынан 2015 жылдың басынан бүгiнгi күнге дейiн ҚР «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 204-бабы бойынша 957 хаттама толтырылды. Оның 868-i ескерту, 89-ы әкiмшiлiк шара қолдану жөнiндегi хаттамалар. Нәтижесiнде 995 955 теңге айыппұл салынып, 500 455 теңге өндiрiлдi.

ҚР «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 505-бабы бойынша көрiктендiру ережелерiн бұзған 545 азаматқа хаттама толтырылды. Оның iшiнде 541-iне ескерту берiлдi. 4 әкiмшiлiк шара қолданылды. Сонымен, 178 380 теңге айыппұл салынып, 138 740 теңге өндiрiлген.

Жалпы, Әл-Фараби ауданы аумағында бүгiнге дейiн заңсыз орналасқан 61 дүңгiршек және 10 киiз үй алынып тасталды. Ретсiз сауданы жою бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Abai.kz

0 пікір