Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 4012 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

КЕНТАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР АШЫЛУДА

Кентау қаласында әлеуметтiк екi дүкен ашылды. Негiзгi мақсат – бағаны тұрақтандыру. Ендiгi жерде қала тұрғындары күнделiктi тұтыну тауарларын арзан бағамен аталған дүкендерден ала алады.

Ы.Алтынсарин көшесi, бұрынғы банк ғимаратынан және "Нұрлығайын" базарынан ашылып отырған әлеуметтiк дүкенде пияз, картоп, ұн, шекер және өзге де күнделiктi тұтыну тауарлары бар. Бағасы да базар бағаларынан әлдеқайда төмен.

– Облыстық бағаны тұрақтандыру қорынан азық-түлiк алдырып, әлеуметтiк дүкендерге таратып жатырмыз. Қазiр қалада екi әлеуметтiк дүкен жұмыс iстеуде. Ұнның қабы – 2950 теңгеден, шекердiң бiр келiсi – 165 теңгеден және өзге де азық-түлiк тауарлары арзан бағамен сатылуда. Алдағы уақытта Абылай хан көшесiнiң бойынан тағы бiр әлеуметтiк дүкендi iске қоспақпыз, – дейдi Кентау қалалық кәсiпкерлiк және туризм бөлiмi басшысының мiндетiн атқарушы Ерлан Аширов.

Көпшiлiкке қызмет көрсету үшiн ашылған дүкендердегi арзан азыққа деген халықтың сұранысы да жақсы.

– Әлеуметтiк дүкеннен үнемi сауда жасаймыз. Өзге дүкендердегi және базарлардағы азық-түлiк тауарларының бағаларымен салыстырсақ, мұнда арзан. Халыққа осындай қызмет жасап отырған қала басшыларына ризашылығымызды бiлдiрiп, алғыс айтамын. Сондай-ақ, көпшiлiктi осы дүкен тауарларын тұтынуға шақырамын, – дейдi қала тұрғыны Зағипа Уалиханқызы.

Қайрат ЗАЙНИШЕВ, Кентау қаласы.

Abai.kz

0 пікір