Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 2905 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ БАЗАРЫНДА БАҒА ТҰРАҚТЫ

Теңгенiң еркiн айналымға жiберiлуi алғашқыда халық арасында дегбiрсiздiк туғызғаны рас. Оның үстiне көпшiлiктiң «азық-түлiк тауарларының бағасы күрт қымбаттап кетедi екен» деген қаңқу сөзi де бұған қамшы бола түстi.

Дегенмен, әлiптiң артын бағайық деген сабырлылықпен халық нарық заңының беталысын бажайлап күттi. Әсiресе, мұндайда базар – тiршiлiк барометрi емес пе?! Асып-тасып, бағасы күрт қымбаттап жатқан азық-түлiк тауарлары да көрiнбедi.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атқарушы билiкке бағаға бақылауды барынша күшейту жөнiндегi тапсырмасы тұтынушылардың бойына сенiм ұялатты. Сондай-ақ, бағаны тұрақтандыру жөнiнде ауданда штаб құрылып, онда 4 жұмыс тобы жасақталып, бағаның өсуiне жол бермеуде.

Бүгiнгi күнге жұмыс тобы аудан көлемiндегi 220 дүкен, 7 базар, 4 көтерме сауда үйiн, 24 жанар-жағармай бекетiн, 27 дәрiхана, 13 құрылыс материалдар дүкенiн, барлығын қосқанда 295 нысанның иелерiмен бағаны қымбаттатпау жөнiнде өзара меморандумға қол қойды. Күнделiктi мониторинг жүргiзiп отыру үшiн 93 жауапты қызметкер бекiтiлдi.

– Аудандағы 295 сауда нүктесiнде баға тұрақты, – дейдi бiзбен әңгiмесiнде аудандық штабтың мүшесi, кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы Аян Көшкiнбай. – Егер бағаны негiзсiз көтерген фактiлер орын алса, жергiлiктi тұрғындардың штабқа немесе кәсiпкерлiк бөлiмiне хабарлауына толық мүмкiндiк жасалған.

Бағаны өсiрмеу жөнiнде «Амангелдi» агроөнеркәсiптiк корпорациясы» ЖШС-нiң бас директоры Нұрлан Құраловтың айтқан пiкiрi көңiлге қонымды. «Азық-түлiктiң, құрылыс материалдарының және өзге де тауарлардың қымбаттауына жол берiлмеуi тиiс. Мұны мемлекеттiк органдар мен тиiстi ведомстволар қатаң қадағалауда ұстайды деген үмiттемiн. Бiздер, кәсiпкерлер мен отандық тауар өндiрушiлер осы күнге дейiн мемлекет тарапынан жасалып келе жатқан материалдық қолдау мен жеңiлдiктердi пайдаландық. Соның қайтарымын өтейтiн кез келдi. «Амангелдi» агроөнеркәсiптiк корпорациясы» ЖШС-нiң ұжымы нан өнiмдерiнiң негiзсiз қымбаттауына жол бермеу үшiн өзiмiзде өндiрiлетiн ұнның бағасын өсiрмеудi мойнымызға алып отырмыз» дейдi Н.Құралов.

Бүгiнде аудан халқы арасында тұтыну бағасына байланысты алаңдаушылық басылған. Баға тұрақты. Халық «көппен көрген – ұлы той» деп қалыпты жағдайда тiршiлiгiн жалғастыруда.

Ж.СҮЙЕУБЕКОВ. Қазығұрт ауданы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580