Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7905 0 пікір 1 Қазан, 2014 сағат 11:46

ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ 12 МЫҢ САРБАЗҒА КӨБЕЙЕДІ

Қазақстан армиясы жаңа шақырылған 12 мың сарбазбен толығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 қазаннан бері Қазақстанның Қарулы күштерінің бөлімдері мен құрамаларын жас сарбаздармен жасақтау жөніндегі медициналық және шақыру комиссиялары жұмысын бастады. Биылғы күзде әскерге 12 мың сарбаз шақырылады", - деп хабарлаған Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Мерзімді әскери қызмет сарбаздары үшін әскери борышты өтеу мерзімі - 12 ай.

Өткен жылы Қазақстан әскеріне 10 мыңнан астам жас сарбаз алынған. Бұған дейін 2016 жылы Қазақстан әскерінің кәсіби армияға айналатыны хабарланған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549