Жексенбі, 26 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5179 0 пікір 2 Қазан, 2014 сағат 09:30

ҚАРАҒАНДЫНЫҢ ЭКС-ӘКІМІ МЕЙРАМ СМАҒҰЛОВ ҚАМАЛДЫ

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, М. Смағұлов күдікті ретінде уақытша ұстайтын қамақта отыр.

Бұдан бұрын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі М. Смағұловтың үстінен ҚР ҚК 307  бабы бойынша  (қызметтік лауазымын асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғаған. Смағұлов Қарағанды әкімі кезінде  өз үйіне «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй салған «ЮТЭКС» компаниясының есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алдын ала бағалау бойынша, жөндеу жұмыстарына 5 млн. теңге жұмсалған.   

М. Смағұлов 2012 жылдың қазанында Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалған еді. 2014 жылғы маусымда өз өтінішімен отставкаға кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев те өткен маусым айынан бері қызметінен кетіп екі айға қамауға алынған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2348
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2690
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2941
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1772