Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 6612 0 пікір 2 Қазан, 2014 сағат 09:43

Айдос Сарым. «Қазақстан» деген ұлт жоқ

Американ сарапшыларының Украинадағы жағдай туралы біраз дүниесін қарап шықтым.
Олардың Украинаға қатысты айтары біреу: бұндай мемлекеттің бар екендігі шын, бірақ бұндай біртұтас ұлттың бар екендігі күмәнді. Сондықтан да бүгін бұл мемлекет бөлшектеніп, бүлініп жатыр дейді.
Біздегі  жағдай да - осы. Қазақстан деген мемлекет бар. Бірақ "қазақстан" деген ұлт жоқ. Және де болуы мүмкін емес. Болса тек қазақ ұлты болуы мүмкін. Мұны есі бар өзге этнос өкілдері де мойындап жатыр.
Осы орайда мынадай сұрақ туындайды: бүгінгі билік мемлекеттің сұлбасын жасағандай болып отыр, ал біртұтас ұлтты жасақтай ала ма? Әлде бүгінгідей қойыртпақтатып, осы бір күрделі мәселені келесі ұрпақтардың мойынына іле сала ма?
Ресми Астана Ресейге қайта-қайта жалтақтап, одақтасып "әбілқайырлығын" жасап болды. Ал енді үш жүздің басын қосып, отарсызданған қазақ ұлтын жасақтап, оған өзгені көндіріп, діни және басқа жіктерді жеңіп "абылайлығын" іске асыруға дәті мен тарихи уақыты жете ме?
Әлде соңын күтпей "кенесарылыққа" дайындала беру керек пе?

Abai

0 пікір