Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6596 0 пікір 6 Қазан, 2014 сағат 16:39

НАЗАРБАЕВ: ГОРБАЧЕВ КЕЛЕШЕКТІ БОЛЖАЙ АЛМАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевтің келешекті болжай алмайтындығына дәлел болатын КСРО тарихының кейбір сәттері туралы әңгімелеген. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

"Мен бұл жүйеде жұмыс істедім - кеңес кезеңінде социализмді өзгертіп, ары қарай жылжуға болады деп есептеген Горбачев реформаларын сынаушылардың бірі болдым. Оның "адам келбеті бар социализм" деген сөзі болды. Оның не екенін ешкім түсінбейтін. Бәлкім, экономикаға жақын дегенді айтқысы келген шығар. Бірақ егер мемлекеттік компаниялар корпоративтік нарықтық қағидалармен басқарылатын болса, бұл проблема, өздеріңіз көргендей, табысты шешілер еді", - деп сөйлеген Назарбаев "Самұрық-Қазына" трансформациясы форумында.

Ол Қазақстан үшін Қытайдың мемлекеттік компаниялары анағұрлым жарқын үлгі бола алатынын тілге тиек еткен.

"Мен Горбачев реформалары тұралай бастап, оның ешқайда апармайтынын көрсеткен кезде бұдан шығар жолды іздеп, шарқ ұрдым. Мен оған жақын болдым, кеңестер айтуға тура келді. "Егер сізде ешқандай бағдарлама, стратегия болмаса, Қытайға көңіл аударайық" дедім. Сондай мемлекеттік құрылымға, іс жүзінде тәртіптің қаңқасы болған коммунистік партия сияқты жетекші күшке ие бола отырып, Орталық комитеттің қаулысын қабылдап, партияға нарықтық реформалар жүргізуді бұйыруға болатын еді. Партия оны жүргізер еді, сондай тәртіп болды. Бірақ ол: "Қытай деген біз үшін кім, біз - Кеңес одағымыз, Қытайға теңесуге бола ма? Бұл бізге жарамайды деді. Шын мәнінде, Қытайда жүргізілген реформалар жақсы нәтиже берді. Ары қарай қалай болатынын тарих көрсетеді, бірақ жетістігі көзге анық көрініп тұр", - деді Қазақстан Президенті. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір