Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6786 0 пікір 6 Қазан, 2014 сағат 17:06

САБИНА АЛТЫНБЕКОВА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ САЯСИ СӨЗ ЖАЗДЫ

Волейболдан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі әрі құрамадағы жалғыз қазақ қызы, өзінің әдемілігімен танымал болған ақтөбелік Сабина Алтынбекова  сайқымазақ Боратқа қарата Instagram әлеуметтік желісінде пост жазды.

"Сен біздің ел туралы жағымсыз, ойға қонбайтын әңгімелер айттың. Бірақ біздің Қазақстанымыз әдемі екенін ойыңа да алмадың. Біздің елді балағаттау сенің қолыңнан келмейді және бұл ойың ешқашан да жүзеге аспайды. Сенің уақытың өтті. Сен енді біздің елдің дамып, өрлегенін ғана көресің. Бұл сәтсіз қылығы үшін Боратқа қол соғып қоялық", - деп жазған желіде 340126 оқырманы бар Сабина Алтынбекова.

Бұл посттың жарияланғанына 15 минут өткен соң 2529 адам жазбаға «ұнату» эмоциясын білдіріпті. Ал, қазірге дейін постты 17000 адам ұнатқан.

Абай-ақпарат

0 пікір