Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 8504 0 пікір 7 Қазан, 2014 сағат 08:22

«Қозы-Баян» «Қожағапанов» аталмайтын болды

«Қозы-Баян» «Қожағапанов» аталмайтын болды  деп хабарлайды http://qamshy.kz сайты.

Өткен аптаның жұмасында, «Қамшы» порталы «Бердібектің бес кемшілігі және атақ пен аруақ таласы» атты мақала жариялаған еді. Ол материалда ШҚО әкіміне байланысты дат сөзбен қатар, Қозы-Баянның  басы жатқан «Тарлаулы» ауылы Жұман Қожағапанов атына  ауысуы мүмкін екені, оған жергілікті билік өкілдері мүдделі екені жазылған.  

Ақын, көсемсөзші Жұмаш Кенебайдан осы мәселеге байланысты «Қамшы» сайтының поштасына төмендегідей хат келіп түсті.  

«Ақыры, әділеттілік жеңді!» деп басталған Жұмаш Кенебайдың хаты.

 ШҚО әкімі Б.Сапарбаев өзі басқаратын облыстық ономастика комиссиясының бұған дейінгі шешімінің күшін жоюға мәжбүр болды.   Республикалық «Егемен Қазақстан», «Дат» жобасы бойынша жарық көріп жатқан басылым, abai.kz, qamshy.kz сияқты қазақ тілді сайттар, «31» телеарна Қозы мен Баян кесенесіне ара түскенін, қалың оқырман жақсы білер деп ойлаймын

Сонымен бес жылдан астам уақыт бойы  басы дауға қалған Қозы мен Баян кесенесі тұрған жер «әупіріммен» аман қалды. Қасиетті әруақтарға ауыз салғандардың тұмсығы тасқа тиді!..»

Ж. Кенебайдың жазуынша, Қозы мен Баянның ескерткіші орналасқан аумақ аты ауыспайтынын растайтын құжат – алдағы уақытта жарияланады.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563