Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3962 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 04:51

Қытайдың ұлы композиторын құтқарған қазақ

Қытай халқының ұлттық музыкасына айналған «Халық және әскер маршы», «Отанды құтқару маршы», «Тайханшань тауларында», «Хуанхэ өзені жайлы кантата», «18 қыркүйек» атты шығармаларының авторы Си-Синхай небәрі 40 жыл өмір сүріпті. Ол өмірінің соңғы күндерін Қазақ жерінде өткізді. Әйгілі қытай композиторына қазақтың ұлы пана болып, аштықтан аман алып қалған екен...
Әңгімені әріден бастасақ, Си-Синхай 1905 жылы Гуандун про¬винциясына қарасты, Фаньюй уезінде, балықшының отбасында дүниеге келген. Сол жылы оның әкесі қайтыс болып, анасы екеуі жоқшылықтың зардабын әбден тартады. Си-Синхай бастауыш мектепті тәмамдаған соң, әрі қарай білімін жалғастырып, өз күнін өзі көру үшін жұмыс істеп, ақша та¬буға мәжбүр болды. Ол Линьнань университетінде және Шанхай¬дағы Мемлекеттік консерватория¬да оқыды. Бірақ консерваториядан өзінің революциялық көзқарасы үшін қудаланады. Болашақ ком¬по¬зитор 1929 жылы Парижге қоныс аударды. Өнердің астанасында әйгілі француз музыканттарынан дәріс алды. Парижде өткізген жеті жыл композиторға оңай соқпады. Нағыз музыкалық білім алу үшін мейрамханада даяшы, қонақүйде швейцар, асханада тазалаушы болып жұмыс істеді.

Қытай халқының ұлттық музыкасына айналған «Халық және әскер маршы», «Отанды құтқару маршы», «Тайханшань тауларында», «Хуанхэ өзені жайлы кантата», «18 қыркүйек» атты шығармаларының авторы Си-Синхай небәрі 40 жыл өмір сүріпті. Ол өмірінің соңғы күндерін Қазақ жерінде өткізді. Әйгілі қытай композиторына қазақтың ұлы пана болып, аштықтан аман алып қалған екен...
Әңгімені әріден бастасақ, Си-Синхай 1905 жылы Гуандун про¬винциясына қарасты, Фаньюй уезінде, балықшының отбасында дүниеге келген. Сол жылы оның әкесі қайтыс болып, анасы екеуі жоқшылықтың зардабын әбден тартады. Си-Синхай бастауыш мектепті тәмамдаған соң, әрі қарай білімін жалғастырып, өз күнін өзі көру үшін жұмыс істеп, ақша та¬буға мәжбүр болды. Ол Линьнань университетінде және Шанхай¬дағы Мемлекеттік консерватория¬да оқыды. Бірақ консерваториядан өзінің революциялық көзқарасы үшін қудаланады. Болашақ ком¬по¬зитор 1929 жылы Парижге қоныс аударды. Өнердің астанасында әйгілі француз музыканттарынан дәріс алды. Парижде өткізген жеті жыл композиторға оңай соқпады. Нағыз музыкалық білім алу үшін мейрамханада даяшы, қонақүйде швейцар, асханада тазалаушы болып жұмыс істеді.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Си-Синхай Париж¬ден Шанхайға оралып, 1938 жылы Яньанға келіп, Лу.Синь атындағы Өнер академиясының музыка бөліміне декан болады. 1939 жылы ол партия құрамына өтіп, 1940 жылы Қытай Орталық партия комитетінің тапсырмасымен, Хуан Шун деген лақап атпен Кеңес үкі¬метіне жол тартты. Оның мақсаты– «Мосфильм» киностудиясында «Яньань және 8-ші әскер» атты деректі фильмнің музыкасын жазып қайту болатын. Бірақ бұл сапардан әйгілі композитор туған топырағына оралмады...
1941 жылдың 22 маусымында Германия Кеңес үкіметіне соғыс ашқаннан кейін, Мәскеудегі жұмыстар тоқтатылып, фильм аяқ¬сыз қалған еді. Ендігі Си-Син¬хай¬дың бар арманы – Отанына оралу болатын. Бірақ ол бұл мақсатына жете алмады. Алдымен Моңғолия арқылы Қытайға өтіп кетуге ниеттенген, дегенмен бұл сапары сәтсіз аяқталды. Кейіннен 1942 жылы қолындағы азғантай қаржы¬мен итшілеп жүріп, Алматыға келді. Бұл жолы Қазақстаннан Синьцзянға өтіп кеткісі келген болатын. Бірақ Қытай азаматының Отанына оралуына мүмкіндік берілмеді.
Қазақстанның сол уақыттағы астанасында Си-Синхайдың ба¬рар жері, паналар орны болмады. Қалтасындағы ақшасы да таусыл¬ған. Амалсыз «колхозшылар үйін¬де» түнеп жүрді. Бұл жерде адам айналғысыз бір бөлмені жеті-сегіз жан бөлісетін. Қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен жо¬лық¬¬пағанда, Қытай жаңашыл ұлт¬тық музыкасын жасаушылардың бірі жоқшылықтан аштан өлер ме еді, кім білсін!?
– Әкем мен шешемнен көмек сұрап келетіндер көп еді. Бірақ жарықтық ата-анам ешкімнің бе¬тін қайтарып көрмепті. Біздің үйі¬мізде кімдер тұрмады? Ауылдағы ағайынның барлығы алдымен біздің үйімізге келіп, есігімізді қа¬ғып тұратын. Мәселен, Мұқан Тө¬лебаевтың өзі өмірінің қиын сәт¬те¬рінде, бір жылдай біздің отбасымыз¬бен бірге тұрды. Қазіргі Халық әр¬тісі Молодов та Мәскеу консерва¬триясын тәмамдаған соң, алғаш¬қы әйелі Света екеуі біздің үйі¬мізден орын тапты. Украинаның кәсіби музыкасының негізін қа¬лаушылардың бірі, профессор Скорульский де кезінде шаңыра¬ғы¬мызды паналады. Айта берсе, таусылмайды. Әкем мен шешемнің көңілі кең, елдің бәрін құшақ жая қарсы алатын жандар еді ғой.
Әкем Си-Синхайды алғаш көшеде көріп қалады. Көшенің бо¬йында чемоданның үстінде бүрісіп отырған, азып-тозған, арық адам¬ды көріп, аяп кеткен болуы керек. Қа¬сына жақындап келеді. Жел¬тоқ¬сан айының ортасы болатын, күн суық. Әлгі адамның үстінде сырт киімі де жоқ екен, тоңғанынан бүрсең-бүрсең етеді. Чемоданға скрипка сүйеулі тұр. Аспапқа қа¬рап, әкем бірден бұл жанның му¬зыкант екендігін түсінген. Жөн сұрайын десе, музыкант не орыс, не қазақ тілінде сөйлей алмайды. Ағылшын, француз тілдерінде бірдеңе айтпақ болады. Ал бұл тіл¬дерді әкем білмейді. Екеуі біршама шүлдірлеседі. Жалпы, музыкант¬тың тілін музыкант біледі деген тү¬сінік бар ғой. Ең бастысы, әкем өзін Хуан Шун деп таныстырған жанға көмек керек екендігін түсі¬ніп, үйге бірге ала келеді. Үйге кел¬се, есіктен төрге дейін иін тірескен адамдар. Бос орын жоқ. Әкем осылардың арасынан орын тауып, Хуан Шунның алдына ас қойып, үстіне киім-кешек береді.
Ол уақытта шетелдік адамды үйге алып келудің қаншалықты қауіпті екені анық. Мұны жоғары жақ білсе «оңдырмасы» белгілі. Сонда әкем мұқтаж жанға көмек көрсету үшін қандай тәуекелге барып тұр десеңші? Бір жағынан әкем Бақытжан Байқадамов әйгілі Алашорда қайраткері, 1930 жылы ату жазасына кесілген Байқадам Қаралдиннің ұлы емес пе? Халық жауының ұлы болғаны үшін әкемді үш мәрте институттан шығармақ болған жоқ па? Оны ешқашан пио¬нер, комсомол қатарына қабылда¬май қойды емес пе? Тіпті Отан қорғау мәртебесін де алып қойды ғой. Бірақ осының біріне қара¬мас¬тан, әкем әлгі қытай азаматын алып келіп, барынша жағдайын жа¬сауға тырысты. Хуан Шун біздің үйімізде бір жылдай тұрды. Кейіннен 1944 жылы әкем оны Қостанайдағы облыстық филар¬мо¬нияға жұмысқа тұрғызды, – дейді Бақытжан Байқадамовтың қызы Балдырған Байқадамова.
Қостанайға келген соң, Хуан Шун, яғни Си-Синхай қазақтың ұлттық музыкасымен танысуға құш¬тар болады. Осы мақсатта әдейі ауылдарды аралап, ел ішін¬дегі әндерді тыңдап қайтқан көрі¬не¬ді. Кейіннен өзінің жетекшілігі¬мен музыкалық ансамбль құрып, шығармашылық ұжым ел алдында өнер көрсете бастайды. Ансамбль¬дің тұсаукесер концертінде Си-Синхай қазақтың бірнеше музы¬ка¬сын скрипкамен орындап бер¬ген екен.
Қостанайда ол өзінің «Ұлттық Азаттық» атты тұңғыш симфо¬ния¬сын аяқтап, «Амангелді» пьеса¬сын өмірге әкеледі. Қазақ батыры Амангелді Имановқа арналған шығармасына қытай композиторы бар ынта-жігерімен кіріскен екен. Ол тіпті Амангелдінің өмірбая¬ны¬мен толықтай танысып шығады. Қостанай қалалық театрында өткен Амангелді Имановты еске алу кешінде алғаш осы шығарма орындалып, көпшіліктің қошеме¬тіне бөленеді. Скрипкамен автор¬дың өзі сүйемелдеп тұрды.
Қостанай қаласында Си-Син¬хай шабыттанып, көптеген туын¬ды¬ларын өмірге әкелді. Қазақтың бірнеше күйлерін, әндерін өңдеуге атсалысты. Осылай жаңадан ты¬нысы ашылғандай күй кешіп жүр¬генінде, ол гастрольдік сапарлар¬дың бірінде өкпесіне суық тигізіп алды. Аурудың салдарынан тубер¬ку¬лез бен гепатит сияқты ескі сыр¬қат¬тары қайта қозды. Науқастың жағдайы нашарлап кеткен соң, оны Мәскеудегі Кремль ауру¬ха¬насына жеткізеді. Бірақ дәрігерлер оның өміріне араша бола алмады. 1945 жылдың 30 қазанында қытай композиторы Си-Синхай мәңгі¬лік¬ке көз жұмды.
Өмірінің соңғы күндерінде ол аурухана төсегінде таңылып жатса да, Кеңес мәдениетінің негізін салушы көптеген қайраткерлермен араласып, хат жазысады. Мәселен, Р.М.Глиэрге жазған хатында «мен көп жылдан бері жаңа бағыттағы қытай музыкасын жасауға барым¬ды салып келемін. Жаңа рух, жаңа форма, жаңа үндестік тапқым ке¬леді» деп жазыпты. Енді бір ха¬тын¬да ойын «cәл есімді жиып, кішкене әлденсем, дәрігерлер маған оты¬руға мұрсат берер еді. Сол кезде «Жеңіс» атты жаңа поэмамды жа¬зуға кірісер едім» деп сабақтапты.
– Ең қызығы, әкем кімге көмек көрсеткенін Си-Синхай өмірден өткен кезде бір-ақ білді. Газеттердің бірінде «Қытай композиторы Си-Синхай мәңгілікке көз жұмды» деген некролог жарық көрген екен. Жақшаның ішінде Хуан Шун деп жазылыпты. Мұны оқып, әкемнің өзі таң-тамаша қалыпты. Қытай халқының әйгілі ұлына көрсеткен көмегі үшін біздің отбасымызға деген алғысы шексіз. Мәселен, 1999 жылы ҚХР төрағасы болып тұрған уақытында Цзян Цзэминь Қазақстанға келген сапарында біздің үйімізге ат басын бұрып, дастарқанымыздан дәм татып кетті. Осы жолы ол өзімен бірге Си-Синхайдың жалғыз қызы Нинаны бірге ілестіре келіпті. Нина бұдан бұрын 1987 жылы бізді арнайы іздеп келген болатын. Біз оны әуежайдан күтіп алдық. Адам көп, ығы-жығы. Нина бір топ адамның арасынан бізге қарай жақындап келді де, құшақтай алып, жылап жіберді. Кейіннен ол «мені күтіп тұрған сендер екенін жүрегім сезді» дегенді айтты. Ху Цзиньтаоның да Қазақстанда алғаш бас сұққан шаңырағы біздің үйіміз болды. Ол да кездесу барысында шексіз алғысын жеткізді. Менің ойымша, қайран менің әкем мен шешем ешқандай ерлік жасадым деп ой¬ла¬маған болар. Олар мұқтаж жан¬ға кәдімгі, қалыпты, адами көмегін көрсетті. Жалпы, біреуге қол ұшын созу көшпенділердің барлығының қанында бар қасиет ғой деп ой¬лай¬мын. Менің әкем мен шешем осын¬дай жандар еді. Біздің есігіміз еш¬қашан жабылмайтын. Тіпті бер¬тін¬ге дейін құлып дегеннің не екенін білмедік қой. Ел арасында «Бай¬қадамов үйінің ішіне киіз үй тігіп қойыпты» деген әңгіме де тарап кеткен болатын–дейді Балдырған Бай¬қадамова.

 

 

Дайындаған Мақпал ҚАРАТАЙҚЫЗЫ
«Айқын» газеті, 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір