Жұма, 26 Сәуір 2024
Енді қайттік?.. 5555 0 пікір 8 Қазан, 2014 сағат 18:33

ҚАЗАҚСТАН БИЛІГІ САРКОЗИГЕ ПАРА БЕРГЕН БЕ?

Франциялық сот тергеушілері аталған елдің экс-президенті Николя Саркозиді  Қазақстаннан пара алған деп күдіктенеді.Бұл туралы франциялық  «Le Monde» газетіне сілтеме жасап, ҚазТАГ хабарлайды.

Гәп мынада: 2010 жылы 27 қазанда ЕС 145 тікқұшағын Қазақстан құрастыру және қызмет көрсету зауытын ашу («Еврокоптер Казахстан инжиниринг»  ЖШС) туралы екі жақты келісімге Францияда қол қойылған. Сөйтіп, ол зауыт Астана әуежайының маңынан салынған. 6 жылда 45 тікқұшақ құрастыру жоспарланған. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі - 11,5 млн. евроны  құраған. Бұл қаражаттың жартысын Франция билігі бөлген. Осы жобаны қоса есептегенде, 2010 жылы Қазақстан мен Франция арасында 2 млрд. Евроға келісім-шарттар жасалған. Міне, осы келісімдерді Саркози тегін жасамаған болу мүмкін дегенді күдік бар.

Жалпы, Саркозидің үстінен ұйымдасқан қылмыстық топ құрған, шетелдік ресми тұлғаларды сатып алған, қылмысты жасырған күдікпен іс қозғалып, екі бірдей сот тергеушісі осы істі тергеумен айналысып жатқан көрінеді.                                                 

Ал, тікұшақтарға келсек... Бәлкім, құрастырып, шығарып жатқан да болар...

Abai.kz

0 пікір