Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4068 0 пікір 9 Қазан, 2014 сағат 23:04

ӘДЕБИЕТТЕН НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ ФРАНЦУЗ ЖАЗУШЫСЫНА БЕРІЛДІ

Әдебиет саласындағы 2014 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Патрик Модианоға берілді. Бұл туралы Швед академиясының сыйлықтарды беруге жауапты тұрақты хатшы Петер Энглундке мәлімдеген.

Патрик Модиано 1945 жылы Парижде дүниеге келген жазушы. Оның барлық шығармасы - автобиографиялық туындылар және қай тұрғыдан да Францияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басқыншылық тақырыбымен байланысты екен. Оған Нобель сыйлығы "адамның жұмбақ тағдырларын және басқыншылық кезіндегі адамның өмірлік әлемін ашып берген есте сақтау өнері үшін" табыс етілген. Марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 қазанда, Нобель сыйлығының негізін қалаушы ғалымның қайтыс болған күні Стокгольмде өтеді. Былтыр әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық жазушы Элис Манроға бұйырған еді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір