Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4473 0 пікір 10 Қазан, 2014 сағат 07:46

М. ГОРБАЧЕВ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті Михаил Горбачевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен. Бұл туралы ол өзі жаңалықтар қызметіне хабарлапты. Оның айтуынша, ауруханаға түсер алдында денсаулығы күрт нашарлап кеткен.

«Соңғы бір аптада біресе жақсарып, біресе нашарлап құбылып тұрды. Қазір ауруханадамын. Мониторингте жатырмын», - депті Горбачев.

Горбачев денсаулығына байланысты Нобель апталығын толық бақылай алмайтындығына қынжылыс білдіріпті. Өздеріңіз білетіндей, М. Горбачев 1990 жылы Әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты атанған.

Абай-ақпарат

0 пікір