Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4066 0 пікір 10 Қазан, 2014 сағат 08:56

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МИНСКІГЕ КЕЛДІ

Қазақстан Президенті Минск қаласына барды.  Ақорда баспасөз қызметі хабарлауынша Елбасы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырыстарға қатысады. 

Естеріңізге салсақ, кеше ҚР Парламент Сенатының депутаттары Мәжілістен келіп түскен "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасын қабылдады. 9 қазан күні Беларус Парламенті де осы шарт келісімін ратификациялады. Бұл күні Президент Брюссельде Еурокомиссия мүшелерімен жаңа Келісімдерге қол қою мақсатында кездесулер өткізді.

Абай-ақпарат

0 пікір