Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8255 0 пікір 13 Қазан, 2014 сағат 16:12

CАТТАР ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ

Қазақ әдебиетінің алтын қорына енген  өлмес туындылар авторы, жастардың сүйікті жазушысы Саттар Ерубаев жинағының жаңа басылымы (Саттар Ерубаев. Шығармалары. Құрастырғандар Б.Хабдина, Б.Қойшыбаев. «Рух БГ» баспасы, 2014) жақында Алматыда жарық көрді. Кітап өмірден қыршын кеткен ақын, жазушы, публицист С.Ерубаевтың туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған.

Жинаққа Саттар Ерубаевтың әйгілі «Менің құрдастарым» романы, өлең-жырлары, әңгімелері, сықақтары, сыни және публицистикалық мақалалары енген. «Өткен ғасырдың 40-шы жылдарынан бері жастардың әлденеше буынын рухани ләззатқа бөлеп келе жатқан роман, баллада, новеллалардың мәтіндері алғашқы басылымдармен салыстырылып, кейбір өзгеріске ұшыраған тұстары түзетіліп берілді, – дейді «Рух БГ» баспасының директоры, баспа және полиграфия ісінің қайраткері Балжан Хабдина. – Халқымыздың әлденеше ұрпағының сүйікті ақыны және жазушысы Саттар Ерубаевты бүгінгі тәуелсіздік жастарымен етене бауырластыруды мақсат еткен едік, сол себепті жинақты жаңаша құрастыра отырып, Саттар бейнесін бүгінгі қыз-жігітке жақынырақ таныстыру үшін, оның көп жылдарғы қатардағы оқырманының өзіндік саттартанушылық жұмыстарын оқырман назарына қоса ұсынуды жөн көрдік».

Кітап ҚР Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көріп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір