Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Уақ-түйек... 6296 0 пікір 13 Қазан, 2014 сағат 16:49

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ЖҮЙЕСІЗДІКТІ КІМ РЕТТЕЙДІ?

Астана - әлем көз тіккен мәртебесі бар бағаналы мекен. Осы киелі жерге жер-жерден келген меймандар алдымен қаланың тазалығына, сосын оның тарихына және ондағы түрлі қызметтің сапасына мән берері хақ. Бұл жолы біз өзіміз аңғарған жолаушылар көлігіне қатысты жүйесіздікті сөзімізге арқау еткелі отырмыз.

Жалпы, осы келеңсіздікті көзімізбен көрген соң күйініп отырмыз. Тілге қатысты мәселені тым қойыртпақтап жіберген жауапты тұлғаның кім екенін құзырлы орындар анықтай жатар. Сонымен, Астана қаласында жолаушыларға қызмет жасап жүрген №50-ші маршруттағы жүргізушінің желке тұсына ілінген автобустың қай бағытқа баратынын көрсеткен мына сызбанұсқаға зер салыңыз:

«Медициналық орталықтың басқармалардың клинико-Актаудың кешені ҚР Президентінің қал-жағдайларымен». Ұзын-сонар атаудан қоғамдық көліктің қай аялдамаға тоқтайтынын білмей қапаландық.

 Екінші қозғалатын мәселе кондуктор мен оқушыға қатысты болғалы тұр. Үлкен азамат пен немере арасындағы бұл түсінбестік жақын арада №52-ші маршрутта көрініс тапқан болатын. Екеуара сөз тартысын сол қалпында бергенді жөн санадық.

- Мен әлі онбес жасқа толған жоқпын. Сіз неге менен билеттің жарты бағасын алмайсыз - деді оқушы кондукторға.
- Онда мектеп оқушысы және кәмелет жасына толмағандығынды дәлелдейтін анықтама мен құжатыңызды көрсетіңіз - деді кондуктор.
- Сіздің кондуктор екеніңізді дәлелдейтін құжатыңыз бар ма? - деді оқушы.
-  Жоқ! - деп үн қатты кондуктор.
- Онда автбус салонында қандай заңға сүйеніп, жолақы алып жүрсіз - деді оқушы.
- ...
- Тым болмаса жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсетіңізші - деді оқушы.
- Ол құжатым да жоқ - деді кондуктор.
- Жалпы, мен автобустың ішіне ілінген хабарламадан оқушыдан құжат сұрау талап етілсін деген ескертпені аңғармадым - деді оқушы.
- Неге? Іілулі тұр - деп кондуктор  жолаушылар кіріп-шығатын есіктің үстіңгі жағын нұсқады.
- Ол жерде жолақының мөлшері мен жүкті алып жүру заңдылығынан басқа ешнәрсе жоқ . Ал оқушыдан құжат сұрау талап етілсін деген сөзді көзім шалмады -деді оқушы.
- Біздің жұмысымызды қадағалайтын жауапты қызметкерлер оқушыдан оқушы екенін дәлелдейтін анықтама сұрауымызды талап етіп отыр - деді осы орайда кондуктор.
- Осы заң қағаз жүзінде жазылып, мекеме мөрімен бекітілген бе? Кәне, сол құжатыңызды көрсетіңізші-деді оқушы.

-  ..

Бұл жерде мәселе сол қоғамдық көліктегі жолаушыларға қатысты ережеге тіреліп тұрмағаны анық. Бар гәп, кондуктордың атқарып жүрген қызметіне байланысты қызметтік куәлігін көрсете алмағандығында болып тұр.

Әмірхан Алмағанбетов,

журналист.

АСТАНА.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530