Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4322 0 пікір 13 Қазан, 2014 сағат 16:54

69-шы ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

16 қазан күні Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық

балалар  мен  жасөспірімдер  театрында   69-шы  театр  маусымының салтанатты ашылуы

сағ. 18.00  Театр ғимаратының алдында «Ақжелкен»  этно-фольклорлық  балалар ансамблінің орындауында күй.

сағ. 18.15 Ғ.Мүсірепов ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі.

сағ. 18.20 Театр басшылығы мен театр қонақтарының құттықтау сөзі.

сағ. 18.30 Театр сахнасында  Ғ. Мүсіреповтің  «Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу»  спектаклінің басталуы.   

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклінің

      аннотациясы: 

        Бұл – бақытқа ұмтылған қос ғашықтардың махаббат жолындағы  тартысқа  толы  тағдырын  сөз  етер  сахналық  туынды. 

        Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік,  шынайылық  пен  іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы  ғашықтық  жырларын  шертер  «Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу»  қойылымы – өнер  мен  өмір,  тәрбие-тағылым  мектебі  екені  хақ... 

        Ұлы  Ғабаң  ( Ғ. Мүсірепов )  жазған  бұл  туынды – көпшілік-көрерменге  оқиғасы  жағынан  өте  кеңінен  таныс.  Дегенмен,  бұл  жолғы  Қозы Көрпеш  те,  Баян да – басқа...  Жаңа...  Жаңаны  көруге  асығыңыздар,  құрметті  көрермен!    

 

шығармашылық тобы:

Қоюшы-режиссері              – Жанат  Хаджиев,

                                               Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

                                                         Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты 

Қоюшы-суретшісі               – Ерлан  Тұяқов 

Композиторы                      – Ақтоты  Райымқұлова,

                                               Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Фольклорлық-этнографиялық «Тұран»  ансамблінің  қатысуымен

Сахна сайыстарын қойған – Аман  Құлбаев

Режиссердің  ассистенті    – Жұлдызбек  Жұманбай

Режиссердің  көмекшісі     – Әлия  Әбсаттарова

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516