Жұма, 29 Наурыз 2024
Көкжиек 44101 0 пікір 14 Қазан, 2014 сағат 02:00

Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы

Мәдени саясат – қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы. Мәдени саясатты жаңғыртудың қажеттілігін түсіне отырып, Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған елдің мәдени саясаты дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту» туралы нақты міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру – 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өнердің даму орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда мәдениет – әлемдегі барлық мемлекеттер дамуының маңызды басымдықтарының қа­тары­на кіреді. Ұлттық және әлем­­д­ік мәдени мұраны сақтау мен ба­йытуды, сапалы мәдени құн­дылық­тар­ды құруды, трансляциялау мен қол­дануды қамтамасыз ете­тін мәде­ни институттар мен меха­низм­дер­дің тиімді жұмыс жасайтын инфра­құрылымдарының болуы дамыған мемлекеттің өлшемін көрсетеді.

Сала дамуының жаңа концеп­туал­ды пайымындағы аса қажет­ті­лікті ескере отырып, мәдени сая­сат тұжырымдамасының жоба­сын әзірлеуге елдің жетекші мә­де­ниеттанушылары мен өнертану­шылары, мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, шығармашылық одақтар, яғни барлық мүдделі және саланың нағыз жанашыр адамдары тартылды. Алдымызға жауапты міндет қойылды – 2050 жылға дейін Қазақстанның мәдени саясат пайымын жай ғана ұсыну емес, сондай-ақ, оның дамуына жаңа импульс­тер, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қа­лып­тастыру механизмдерін көрсету қажеттілігі туды. Сондықтан, әрбір тұлғаның пікірі маңызды болды. Біз әлемдік үздік тәжірибені зерт­те­дік, халықтың проблемалары мен қажеттіліктеріне кешенді-әлеу­меттік зерттеу жүргіздік. Әзір­леудің әрбір сатысында Тұжырым­дама жобасы ауқымды талқылаудан өтті. Бұл нағыз шығармашылық ізденіс болды. Барлығы үлкен қайтарыммен және ықыласпен жұмыс жасады.

Елбасы 2050 жылға де­йін­гі Даму стратегиясында көп­ұлт­ты мемлекетімізді нығай­ту­дың «Мәңгілік Ел» берік идеясын ұсынды және ол мәдени саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі құрамдасы болды.

Жалпы, құжат – жаһандық әлем­де отандық мәдениеттің өзіндік бол­мысын және ұлттық сәйкестігін ай­қын­дайтын ұлттық мәдени мұра­ның басымдығы, мәдениетті өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде тану, елдің мәдени сан алуандығын құрметтеу, полиэтностық Қазақстанның мәде­ниеті мен дәстүрлерін қолдау және дамыту, шығармашыл тұлға мен мәдени өзін өзі көрсету ны­сан­дары­ның еркіндігі, жаңа инсти­туттық бірлестіктер, қазіргі заманғы мәдени кластерлер мен озық технологиялар базасында мә­де­ни орта бірлігі қағидаттарымен негіз­делген. Бұл қағидалар қазақ­стан­­дықтардың бәсекеге қабілетті жаңа мәдени ментальдігін қалып­тас­тырудың өзегі болатын құндылық­тар жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Мәдениет өз алдына күрделі сала, себебі, мұнда қандай да бір есеп жасау, дамудың нақты болжа­мын анықтау немесе белгілі бір формуланы жасау мүмкін емес. Әлемнің қай мемлекетінде болсын, мәдениеттің нақты стандарттары мен нормативтері жоқ деп сенімді түрде айта аламыз. Қазіргі таңда мәдениетті адамды оқитын кітабы, көретін фильмдері, тыңдайтын ән­дері, өмір сүріп жатқан айнала­сы тәрбиелеуде. Сондықтан, мәде­ниет­тің сапалы өнімін әзірлеу, дұрыс құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды.

«Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азамат­тары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет. Біз ұлттық мәде­ниеті­­міз бен дәстүрлерімізді әр алуандығын және айбындылығын сақтай отырып, оны қорғауымыз, мұра­мызды түйірлеп жинастыруы­мыз керек», деп айтқан Мемлекет басшысының керемет сөзі бар. Ол қазақстандық мәдениет – елдің бар­лық азаматтары үшін пат­риот­тық өзегі болуы тиіс екенін әлде­неше рет атап өткен болатын. Қа­зақ­тарда әрқашан да жеті ұлы ру­хани құндылығы, яғни «Жеті қазынасы» болды. Сондай-ақ, тұ­жы­рымдама жобасында ұлттың мәдени кодының жеті бөлігі: мұра, дәстүр, салт, тіл, отбасы, шаруа­­шылық жүйелер, мерекелер анық­­­талған. Бұл туылғаннан қалып­тасатын, өмір бойы адамды сүйе­мелдейтін және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтар. Өзінің қалыптасуының бастауын білетін, тарихи түп тамырын құрметтейтін және дәстүрін сақтайтын халық – бұл қуатты және табысты мем­лекеттің негізі.

Қазіргі жағдайлар әрбір адамға қолжетімді және түсінікті басты бағыттарды қалыптастыратын, сон­дай-ақ, тарата алатын мәдениет­тің сапалы жаңа өнімдерін әзірлеу­ді талап етеді. Ең алдымен, бұл жалпы­адам­дық, яғни отбасы, адам­гер­шілік, ізгілік, жасампаздық құнды­лық­тары. Нормалардың нақты иерархиясын беретін, қарапайым және талассыз ақиқаттардың жетек­шісі болатын жаңа жарқын көркемдік образдар әзірлеу қажет. Шартты түрде айт­қанда, біздің кейіпкерлеріміз, өзінің қызметіне берілген дәрігерден бас­тап, тарихта аты қалған ұлы тұл­ға­ларға дейін қалыптасуы тиіс. Отандық кино, әдебиет, сурет өнері қорларында елдің тарихи оқиғалары мен мәдени мұралары үшін маңызды жобалар орын алуы керек.

Өзінің толыққанды дамуын отан­дық анимация алуы тиіс. Бұл қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудың ең әсерлі және қолжетімді құралы, олар үшін біз­дің ұлттық өмір салтымыз, дәстүр­леріміз бен кейіпкерлеріміз құнды­лықты бағытқа айналуы керек. Қазақ батырлары, сұлтандары, ұлт­тық кейіпкерлері өзінің көркем­дік орындалуын анимация мен кинематография арқылы алып, өнеге ретінде бұқаралық үлгі бола­ды. The World Disney Company тәжі­­рибесін мысалға алсақ, ол ба­ла­­ларға арналған заманауи кейіп­кер­лерді қалыптастыра отырып, оларды көлемді тираждау мен ық­пал­дастыру құралын жасады. Бұл, әрине, үлкен бизнес және ауқымды индустрия.

Сондықтан, тұжырымдамада заманауи мәдени кластерлерді құ­ру­ға немесе шығармашылық бі­лім мен ғылым, экономика, биз­нес пен инновация байланысын қам­та­масыз ететін экономиканың шығармашылық секторына маңыз­ды рөл беріледі. Бүгін бұл – саланың бәсекелі басымдықтары мен оның креативті индустрия дамуының оңтайлы түрі.

Институттық қайта құру­ға бай­ланысты Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті жанындағы Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес және Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы салалар жөніндегі көркемдік кеңес құру көзделуде. Бұл – шығармашылық, мемлекет пен бизнес үшін мұндай диалог алаңын құру қажеттілігін атап өткен саланың сарапшылары мен өкілдері қолдаған шығарма­шы­лық одақтардың бастамасы. Мұнда репертуарлық және гастроль­дік саясатты қалыптастыру, саланы кадрлық және материалдық-техни­калық қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер шешілетін болады.

Сондай-ақ, келешекте бірқатар шығармашылық жоғары оқу орын­дарды, колледждер мен мек­теп­терді Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына беру жоспарлануда. Бұл шара шығармашылық кадрларды даярлаумен қатар, олардың әрі қарай дамуы, кәсіби бағыттылығы мен білім алуының дуалды қағидасын іске асыру саласындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік бере­ді. Бәріміз білетіндей, тұлғаның қалыптасуы балалық шақтан басталатын және қалған өмірінде дерлік жалғасатын үздіксіз процесс. Бұл орайда министрліктің міндеті дарынды тұлғаларды жүйелі қолдауды қамтамасыз ету, шығармашылық даму үшін бастапқы жағдайлар жасау, мәдениеттегі өзіміздің біре­гей білім беру моделін қалыптас­тыру болып табылады.

Мәдени өнім әр азамат өзінің елін мақтан тұтатындай тәрбиелеуі қажет. Біз тарихи-мәдени мұраға бай елде тұрамыз, бізде бірегей мә­де­ни және табиғи объектілер, тари­хи ескерткіштер, мінәжат орында­ры жеткілікті. Алайда, бәрі бола тұ­ра, өзінің лайықты дамуына жете ал­­­мауда. Осыған орай, бар­лық ре­с­урс­тарды біріктіру, бар құрал­дарды қол­дану және бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамыту үшін жағдайлар жасау қажет.

Сондай-ақ, мәдени саясаттың тұжырымдамасы отандық мұражай­лар мен қорық-мұражайлардың фун­кцияларын айтарлықтай ке­ңейтуді көздейді. Олардың жұмы­сының форматы тарихи ғылыммен, археологиямен, қайта жаң­ғыртумен, өнертанумен, этнографиямен тығыз байланыстыруға бағыттауды көз­дейді. Қазақстан мұражайлары зерт­теу қызметі, ғылым, мәдени ақпарат пен шығармашылық иннова­­цияның тірек орталықтарына айналуы тиіс.

Сонымен қатар, отандық кітапха­налардың қызметі жаңа форматта жұмыс жасайтын болады. Бүгін ол – барынша пайдаланылатын және заманауи, сондай-ақ, ыңғайлы фор­матта баршаға қолжетімді бола­тын елдің ауқымды ақпараттық ресурсы. Жалпы айтқанда, елдің кітапханалары азаматтарымыздың мәдени демалысының көпфунк­циялы, білім беретін және ақпарат­тық орнына айналуы қажет.

Жаңа мәдени саясаттың басым­дылықтарының бірі – әлемдегі қазақстандық мәдениеттің мәрте­бесін нығайту. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда отандық мәдениет пен өнерді әлемнің мәдениет про­цесінде біріктіру әлеуеті жеткілікті іске асырылмауда. Халықаралық байланыстарды ұлғайтудың қажеттілігі туып отыр, оның ішінде ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, ИКОМОС және тағы да басқа беделді ұйым­дармен ынтымақтастықты арт­тыру қажет. Келешекте елімізде гу­мани­тарлық-ынтымақтастық сала­сында өңірлік зерттеу және ғылыми-бі­лім беру орталығы – ЮНЕСКО ха­лық­аралық институтын құру жос­парлануда. Сондай-ақ, Астанада мәдениет саласындағы жаңа ха­лық­­аралық ұйым – «Silk Road» мәдени даму жөніндегі Еуразиялық кеңесінің штаб-пәтерін ашу жөнінде ұсыныс бар.

Әрине, саланың алдында жауапты міндеттер тұр. Жаңа мәдени саясаттың әрбір белгіленген бағыты бірқатар жұмыстарды атқаруды талап етеді, ал олардың сәтті іске асырылуы дамудың жоғары мәдени деңгейі бар дамыған мемлекетті қалыптастыруға тағы да бір қадам деуге болады.

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ,

Мәдениет және спорт министрі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600