Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4043 0 пікір 14 Қазан, 2014 сағат 08:07

НАЗАРБАЕВА СОВЕТТІК БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ОРАЛУДЫ ҰСЫНДЫ

Мектептердегі оқулықтың баламалы түрінен бас тарту қажет. Кеше, 13 қазан Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында палата вице-спикері Дариға Назарбаева осы мәселені көтерген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

"Бізге қосымша, баламалы мектеп оқулықтарын енгізгенімізге он жылдан асқан жоқ па? Осы он жылда неге жеттік? Біріншіден, біз логистиканы бетімен жіберіп алдық. Екіншіден, бұл оқулықтардың сапасы сын көтермейді, саны көп болғанымен сапасы жоқ. Қаптаған оқулық болғандықтан, мұғалімдердің өзі тіпті кейде қай оқулықпен оқытуды білмей дал болады. Демек, бұрынғы кеңестік жүйеге оралған жөн болар, әрбір пәнге бір ғана оқулық болсын. Сонда ешкімнің де басы қатпайды", - деген өз сауалында Назарбаева.

Сондай-ақ, депутат балама оқулықтың қажеттілігі артып отырса, онда жергілікті органдар оны бюджеттен тыс қаражатпен қамтысын деген ұсынысын да айтқан: "Бізге ешқандай да өзгертуге болмайтын ең төменгі әлеуметтік стандарт, ең төменгі көнкөрістің шамасы дегендер бар. Азайтуға да, көбейтуге де болмайтын айлық есептік көрсеткішіміз бар. Оқулық та сондай болса екен, солай қаралық бұған. Ешкім өзгерте алмайтындай болсын. Шындығында, оқулықты ең төменгі күнкөрістің ең төменгі стандартымен салыстыруға болады. Өйткені білім - қазіргі таңдағы ең ең өзекті мәселе»

Абай-ақпарат

 

0 пікір