Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 7681 0 пікір 14 Қазан, 2014 сағат 10:14

ХАЛЫҚТЫҚ IPO»: АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ КАМПАНИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстанда «Халықтық IPO» бағдарламасын түсіндіру және ақпараттандыру кампаниясы басталды. Кампания шеңберінде еліміздің 25 қаласында 400 презентация мен 70 түсіндіру лекцияларын өткізу қарастырылған. Инвестициялық компаниялардың брокерлері екі ай бойы «Халықтық IPO-да» қалай табыс табуға болатындығын айтатып беретін болады. Сондай-ақ, «ҚазТранс Ойлдың» алдыңғы IPO-сының қорытындыларымен бөліседі. Алғашқы лекциялар Қарағандыда, Ақтауда, Ақтөбеде, Астанада және Таразда болып өтті. Лекциялардың өту кестесі  «Халықтық IPO» сайтында жарияланған. Лекцияларға кез-келген адам келе алады.

Сонымен қатар, 30 қарашаға дейін еліміздің барлық өңірлерінде жүретін арнаулы ақпараттық автобустардан қосымша ақпараттарды білуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Халықтық IPO» бағдарламасы 2012 жылы іске қосылған болатын. IPO-ға бірінші болып «ҚазТранс Ойл» компаниясы шығарылды. 34 мың қазақстандық «ҚазТранс Ойлдың» 35 миллион қарапайым акцияларының иегерлері атанды. «ҚазТранс Ойл» АҚ қарапайым акциялар бойынша бір акцияға 2012 жылы 75 теңге, 2013 жылы 109 теңге дивидендтер төледі.

2014 жылы IPO-ға KEGOC энергетикалық компаниясының акциялары шығарылады. Компанияның 10% минус бір акциясын орналастыру жоспарлануда. Қор нарығына  2015 жылы «Самрұк-Энерго», 2016 жылы «Қазақстан Темір Жолы» және «Қазатомпром» ұлттық компанияларының қағаздарын шығару күтілуде.

Abai.kz

0 пікір