Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6456 0 пікір 23 Қазан, 2014 сағат 11:27

Біздің сілкінісіміз қашан жүреді?

Қайрат Нұртас туралы Бибігүл апа жаман айтты ғой. Министр, шенеуніктер жайлы күнде айтылады осында. Бүгінгі ауыс-түйісте Тасмағамбетовтен басқасына мұрын шүйіріп жаттық. Депутаттар ұйқышы деп тіпті менсінбейміз. Біздегі білім, медицина саласы сұмдық сыналады. Шынымен де тек эстрадамыз құлдырап тұрған жоқ сияқты. Мектепте оқу үлгерімі нашар болған қыз-жігіттер жоқ дегенде Абайдың тілі мен Әуезовтің әдебиетінен сабақ беріп жүр. Әскери билетке қол жеткізген соң, сырттай заң оқып алғандар құқығыңызды қорғамақ боп әрекеттеніп жүр. Ортега-и-Гассет деген испаниялық жігіт кезінде "Қазір барлық салада тобыр адамы салтанат құрды. Және соның рухын сіңірген, соның қарабайыр стиліне құрылған ағымдар ғана көзге көрінерлік табысқа жете алады" деп кеткен екен. Оның ойынша, барлық жаңалықты мықты шығармашылық азшылық жасайды. Расында Еуропаны қайта өрлеткен де сондай ұлы адамдар емес пе еді? "Жаңа рухани күшсіз біздің ғасыр катастрофаға ұшырайды" деген Огюст Конт. Біздің сілкінісіміз қашан жүреді, қалай ойлайсыздар? Ауыр сілкіністі "Болашақ" бағдарламасының түлектерінен 20 жыл күткен мен ғана ма?

Жарқын Түсіпбекұлы, saigez.kz ақпараттық қоғамдық-саяси сайтының бас редакторы

facebook.com/tusupbekuly

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553