Жексенбі, 23 Қаңтар 2022
Қоғам 21895 0 пікір 24 Қазан, 2014 сағат 16:26

«Қазақ мемлекетіне – 550 жыл». Жүлде – 1 миллион теңге!!!

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз». Мемлекет басшысы Астана қаласы активімен 22 қазандағы кездесуінде осылай деп күллі қазақ баласын қуантты. Яғни 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы Республика деңгейінде тойланатын болды. 

Қазақтың ұлттық мәселесін, көші-қон проблемаларын, мемлекеттік саясатын үздіксіз жазып келе жатқан «Қамшы- qamshy.kz» ақпараттық порталы Қазақ елінің 550 жылдығына орай шығармашылық бәйге ұйымдастырады.

Мақалалар бәйгесі:

Бас жүлде(біреу)       500 мың теңге                                                                         

Бірінші орын (біреу) 

Екінші орын(екеу)    

Үшінші орын(үшеу)     

Арнайы жүлде(бесеу)

 

Жыр мүшәйрасы:

 

Бас жүлде (біреу)   500 мың теңге

Бірінші орын   (біреу)

Екінші орын(екеу)    

Үшінші орын(үшеу)     

Арнайы жүлде(бесеу)

 

Шығармалар мазмұнына шектеу қойылмайды. Ең бастысы, шығарма «Қазақ елі кеше ғана пайда болған мемлекет емес» және «Мәңгілік салтанат құратын ұлы ел» дейтін ұғымды ұлықтауы тиіс. Шығарма арқауы - Қазақ жұртының 1465 жылдан бүгінге дейінгі қайғысы мен қуанышы, ертеңгі болашағы жөнінде болғаны құп. Бәйгеге қатысатын шығармалар «Қамшы» порталында жарияланады, жүлделі шығармалар жеке кітап болып басылып шығады.

Ескертпелер:

Шығармалар 2015 жылдың 1 науырызына дейін қабылданып, Ұлыстың ұлы күнінде қортындыланады.

Жеңімпаздарды қара қылды қақ жаратын әділ-қазылар анықтайды. Сондай-ақ, шығарманың жүлделі болуына оның сайттағы оқылымы мен пікірлер саны әсер етеді.

Бәйгеге қатысатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт.

Шығарма көлемі А4 форматында 5 беттен аспағаны жөн.

Құнды тарихи материалдар көлеміне шектеу қойылмайды. 

Автордың суреті қоса жолданғаны дұрыс. 

 

Шығармалар мына эл.поштаға жолдануы тиіс:    qamshy@gmail.com

Ұйымдастырушы: «Қамшы-ақпарат» қоғамдық оры

Демеушілер:

«Трилис» компаниясының Президенті    Жеңіс Түркия

«KazService» компаниясы                          Қанат Зейнолла

«Мақсат» Шығыс клиникасы        Мақсат Әбдіқадыр

«Электронды жайнамаз» жобасының авторы    Алханбай Сатыбалды

«Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігі     Талапбек Тынысбек, Ерлан Төлеубай

Және

«Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қоры


Abai.kz

0 пікір