Сенбі, 20 Сәуір 2024
Рух 10092 0 пікір 26 Қазан, 2014 сағат 16:29

ҚАЗАҚ ҰТЫЛҒАНЫМЕН ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ЖЕҢІЛГЕН ЖОҚ

Кеше Павлодар қаласында қазақ күресінен «Әлем Барысы» деген атауға ие болған балуандар бәсекесі өтті.  Жүлделік қоры 27 миллион теңгелік жарыста әр құрлықтың 35 мемлекетінен келген 38 түйе балуан бақ сынады. «Әлем Барысында» қазақтың «төрт барысы»: тараздық Бейбіт Ысты­баев («Қазақстан Барысы – 2012» турнирінің жеңімпазы), семейлік Айбек Нұғымаров («Қазақстан Барысы – 2013» турнирінің жеңімпазы), қарағандылық Асыл Барме­нов («Қазақстан Барысы – 2014» турни­рінің күміс жүлдегері) және қызылор­далық Руслан Әбдіразақов («Қазақстан Барысы – 2014» турнирінің қола жүлде­гері) білек күшін сынады. Алайда бас жүлде кубалық Оскар Рене Видал Брайсонға бұйырды.

Шыны керек, 29 жастағы кубалық балуанның қазақ күресінен «Әлем Барысы» атануы өте әділетті болды. Біздің «барыстарымыз» (мысалы, Б. Ыстыбаев) қызбалық танытып, төрешілеріміз кейде «іштен шалғанымен» атан жығар алып күш иесінің жеңіс тұғырына көтерілуі қазақ күресінің мәртебесін асқақтатып, оның шынында халықаралық сипат иеленуге мүмкіндігі бар екендігін әйгіледі. Осы мәселеге әсіресе көңіл бөлген әңгіме әлеуметтік желілерде көрініс тапты. Соның көзіміз шалған қайсібіріне шолу жасап өтейік.

 Әміржан Қосанов:

- Қазақ спортын насихаттаудағы тағы бір табысымыз құтты болсын! Теледидар және басқа да БАҚ арқылы бүкіл әлем Қазақстанды танып жатыр. Күресін де, өнерін де. Құтты болсын!
Сырт көз бен құлақ үшін бір ғана түйткіл Павлодар деген қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қала атында боп тұрған сияқты...

Ерлан Карин:

- Qazaq kuresinin bolashagy ushin sheteldik paluannyn zhengeni de durys boldy! Aibek utylsa da, odan qazaq kuresi zhenilmedi!

Алмабек Ақтайлақұлы: 

- «Қазақ барысы» әлемдік деңгейде өтті.Өзі де жас күрес қой.Қажымұхан атамыздан кейін артта қалып қойып еді.

Бейбіт Ыстыбаев ұлтты ұятқа қалдыратын үш ерсілік жасады.Қызғаншақ азамат екен.

Қазақ күресі – қазақтың ұлттық спорт түрі.Сол үшін оған қазақ немқұрайлы қарамауы керек.Қазақ күресінде басқадан жығылу ол - қазақ үшін намыс.Жылауға болады.Психологиялық әдіс айлалар жасауға болады. Жеңілгенін мойындап қол алысқаннан кейін артынан жүгіріп барып қапсыра құшақтағаны енді ерсі болды. Күллі қазақты жерге қаратты. Онсыз да күрестің ережесі мен төрешілердің әрекеттерінен ұялып, халық жерге кіре жаздап отырған.Қазақ төрешілері де әділетсіздікті көп жасады.

Менің бір күмәнім бар.Қазақ күресінің кәтері – кубалықтар болмасын. Қажымұхан атамыздан: « Кімнің күші мен мысынан қаймықтыңыз?», - деп сұрағанда: «Аралда 25 жастағы  Куба қызын күресуге шығарғанда қатты қаймықтым, мысы басып кетті, жыға алмайтынымды білдім де: «Мен – қазақ деген ұлттың өкілімін. Қазақ әйел адаммен күреспейді» деп салт дәстүрден саңылау тауып құтылдым" – деген екен. Осы әңгімені  Зұлқарнай айтып отырушы еді, жарықтық. Айбек те оңай оспақ адам емес.Мынау сол жігітті жалғыз қолымен көтере салды ғой.

Жандос Байділда:

- Куба балуаны бiр емес, үш балуанымызды ұтты. Өзiнен сұрадым жаңа, ең қиыны кiм болды деп. Ширек финал дедi, яғни Асыл Барменов. Асыл жаңа Қарағандыға аттанды. Өте қарапайым, ақылды балуан. Үш күнде бауырлардай боп кеттiк. Еуразия Барысында жолығамыз деп тарқастық!

Қазақ күресі бойынша өткен  «Әлем Барысы» додасына төрткүл дүниенің әр қиырынан келген балуандар мыналар: 

ЕУРОПА:
Дэниель Бернардус Герардус (Голландия).
36 жаста. Бойы 192 сантиметр, сал­мағы 105 келі. Дзюдодан Голландияның үш дүркін чемпионы (1999, 2003, 2005), Дүниежүзілік универсиаданың қола жүлдегері (1999), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2009), қазақ күресінен Еу­ропа (2003) және әлем чемпио­натта­рының (2013) қола жүлдегері.

Гарибян Арутюн (Армения).
40 жаста. Бойы 176 сантиметр, сал­ма­ғы 100 келі. Дзюдодан Еуропа чемпионы (1990). Самбодан әлем чемпионы (1993).

Әміраслан Ахмадов (Әзірбайжан).
18 жаста. Бойы 180 сантиметр, салма­ғы 115 келі. Сумодан әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2010, 2012), Еуропа чемпионы (2013).

Раймунд Гирдц (Германия).
41 жаста. Бойы 180 сантиметр, сал­ма­ғы 96 келі. Дзюдо мен самбодан Германия чем­пионы (2010, 2011). Джиу-джитсудан Гер­манияның аймақтық чемпионы (2013).

Георгий Закаридзе (Грузия).
21 жаста. Бойы 190 сантиметр, сал­мағы 150 келі. Дзюдодан Грузия чемпио­натының қола жүлдегері (2013), Еуропа­ның ашық біріншілігінің жеңімпазы (2014)

Томас Йоханссен (Дания).
27 жаста. Бойы 190 сантиметр, сал­мағы 90 келі. Дзюдодан Дания чемпио­натының бірнеше дүркін жүлдегері.

Грегори Рудельсон (Израиль).
30 жаста. Бойы 198 сантиметр, са­л­мағы 110 келі. Өзбек курашынан әлем чем­пионы (2011). Белбеулі күрестен Дү­ние­жүзілік универсиаданың қола жүл­дегері (2013).

Мацей Сарнацки (Польша).
27 жаста. Бойы 201 метр, салмағы 124 келі. Дзюдодан Дүниежүзілік универ­сиаданың күміс жүлдегері (2011), Поль­шаның төрт дүркін чемпионы (2011, 2012, 2013, 2014), Еуропа ашық біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері (2013, 2014).

Андрей Кунык (Украина).
26 жаста. Бойы 185 сантиметр, сал­мағы 92 келі. Белбеулі күрестен Еуропа чем­пионы (2009), әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2010, 2013), әлем чемпионы (2011). Қазақ күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері (2012).

Максим Ширяев (Ресей).
26 жаста. Бойы 189 сантиметр, сал­мағы 130 келі. Дзюдодан Ресей чемпио­натының қола жүлдегері (2010), самбодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (2012), әлем кубогының иегері (2012), Ре­сей чемпионатының күміс жүлдегері (2012), аса ауыр салмақта Ресей чемпионы (2014).

Мұрат Гемалмаз (Түркия).
31 жаста. Бойы 183 сантиметр, сал­мағы 138 келі. Өзбек курашынан Еуропа чемпионатының екі дүркін күміс жүл­дегері (2003, 2005). Дзюдодан Еуропа чем­пионатының қола жүлдегері (2004) және екі дүркін Түркия чемпионы (2004, 2005).

Лукаш Крпалек (Чехия).
24 жаста. Бойы 195 сантиметр, сал­мағы 100 келі. Дзюдодан Чехияның бір­не­ше дүркін чемпионы, әлем чемпионы (2014), әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2010, 2013), екі дүркін Еуропа чемпионы (2013,2014).

Мартин Падар (Эстония).
35 жаста. Бойы 195 сантиметр, сал­мағы 150 келі. Дзюдодан Еуропа чем­пио­ны (2009), Еуропа чемпионатының күміс (2002) және төрт дүркін (2005, 2006, 2007, 2011) қола жүлдегері.

АЗИЯ

Рафиқұл Ислам (Бангладеш).
28 жаста. Бойы 171 сантиметр, сал­мағы 95 келі. Үнді күресінен Үндістанның ашық біріншілігінің жеңімпазы (2014).

Кумар Правин (Үндістан).
23 жаста. Бойы 190 сантиметр, сал­мағы 120 келі. Еркін күрестен жасөс­пірімдер ара­сындағы әлем біріншілігінің күміс жүл­дегері (2010). Қазақ күресінен әлем кубогы (2011) мен Азия чемпио­натының (2011) қола жүлдегері.

Ахмад әл-Башабшех Ахмад Бассам (Иордания).
22 жаста. Бойы 178 сантиметр, сал­мағы 92 келі. Самбодан Иордания чем­пионы (2014).

Кутайб Хусейн Мохан әл-Деби (Ирак).
33 жаста. Бойы 175 сантиметр, сал­мағы 95 келі. Қазақ күресінен Азия чем­пионатының қола жүлдегері (2009), Дү­ние­жүзілік жекпе-жек өнері фести­валінің күміс жүлдегері (2008).

Мұхаммад Теймоури Сарах (Иран).
25 жаста. Бойы 190 сантиметр, салма­ғы 100 ке­лі. Алыш күресінен Азия чем­пио­ны (2014).

Чинг Жао (Қытай).
30 жаста. Бойы 182 сантиметр, сал­мағы 130 келі. Дзюдодан Қытайдың екі дүркін чемпионы (2007, 2009), Қытайдың ұлттық чемпионатының күміс жүлдегері (2010), Қытайдың абсолютті чемпио­натының жеңімпазы (2012).

Матар Доумит (Ливан).
33 жаста. Бойы 182 сантиметр, сал­мағы 104 келі. Дзюдодан Ливан чемпионы (2008).

Алтангэрэл Давааням (Моңғолия).
30 жаста. Бойы 188 сантиметр, сал­мағы 130 келі. Белбеулі күрестен әлем чем­пионы (2011). Қазақ күресінен Азия чем­пионы (2012), әлем кубогының иегері (2012), Қажымұқан Мұңайтпасов атын­дағы турнирдің екі дүркін жеңімпазы.

Мұхаммад Арпа (Пәкстан).
30 жаста. Бойы 172 сантиметр, сал­мағы 105 келі. Белбеулі күрестен Пәкстан­ның екі дүркін чемпионы (2012, 2013).

Мұхаммад Юссеф әл-Монир (Сирия).
34 жаста. Бойы 190 сантиметр, сал­мағы 100 келі. Дзюдодан Азия чемпио­натының қола жүлдегері.

Дадахан Құрбанәлиев (Тәжікстан).
25 жаста. Бойы 177 сантиметр, сал­ма­ғы 100 келі. Дзюдодан Тәжікстан чем­пионы.

Махмұтжан Юсупов (Өзбекстан).
24 жаста. Бойы 195 сантиметр, сал­мағы 115 келі. Белбеулі күрестен Азия чем­пионатының қола жүлдегері (2011). Самбодан Азия чемпионатының қола жүлдегері (2012)

АФРИКА

Дьедонне Долассем (Камерун).
35 жаста.Бойы 181 сантиметр, салмағы 100 келі. Дзюдодан Африка чемпиона­тының күміс (2009) және үш дүркін қола жүлдегері (2008, 2010, 2013).

Аспа Анж Филипп Котча (Кот-д’Ивуар).
26 жаста. Бойы 186 сантиметр, сал­мағы 140 келі. Дзюдодан Кот-д’Ивуардың төрт дүркін чемпионы (2010, 2011, 2012, 2014)

Гоуссо Сидибе (Мали).
33 жаста. Бойы 185 сантиметр, сал­мағы 100 келі. Дзюдодан Африка ойын­да­рының қола жүлдегері (2011), Мали чем­пионатының қола жүлдегері (2013)

 АМЕРИКА

Максим Низзоло (Аргентина).
33 жаста. Бойы 174 сантиметр, сал­мағы 128 келі. Самбодан Аргентина чем­пионы (2013).

Оскар Рене Видал Брайсон (Куба).
29 жаста. Бойы 192 сантиметр, сал­мағы 140 келі. Дзюдодан Панамерика ойын­дарының жеңімпазы (2007), Бейжің Олим­пиадасының күміс жүлдегері (2008), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2009)

Аарон Скотт Ведель (АҚШ).
43 жаста. Бойы 172 сантиметр, сал­мағы 90 келі. Құмда күресуден АҚШ чем­пионы (2013).

Хуан-Пабло Мело Бортоли (Уругвай).
35 жаста. Бойы 190 сантиметр, сал­мағы 100 келі. Грек-рим күресінен Уруг­вай чемпионы (2014). Самбо, еркін күрес, грек-рим күресі және джиу-джитсудан өткен көптеген халықаралық турнир­лердің жеңімпазы.

МҰХИТТАР АЙМАҒЫ

Джейсон Безуденхут (Австралия).
18 жаста. Бойы 185 сантиметр, сал­мағы 90 келі. Дзюдодан Австралияның екі дүркін чемпионы (2012, 2014), Мұхит жаға­лауы біріншілігінің екі дүркін же­ңімпазы (2012, 2013). Австралияның аб­солютті чемпионы (2010-2013).

(Балуандар туралы мәлімет «Айқын» газетінен алынды)

Abai.kz

0 пікір