Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 6430 0 пікір 28 Қазан, 2014 сағат 10:46

«ШҮЛДІР ДЕ» - НАМЫС БАР МА ЕКЕН?..

Кім көрген мұндай «ғажапты»?

Кім көрген мұндай мазақты?

Қазақтың Тілін білмейтін

Кім деуге болар Қазақты?

 

Ал, сонда кімге кім күлген?

Әрине, құл мен күң күлген.

Түрлері - Қазақ болғанмен,

Тілдері: «шүлдір, шүлдірлер».

 

Заман да бөлек ондағы,

Адам да бөлек ондағы,

Кеңестік жүйе тұсында

70 жыл Қазақ сорлады.

 

Шындықты айтсам жасырмай,

Шындықты айтсам асырмай,

Тәуелсіздік те алғалы

Қазаққа ширек ғасырдай.

 

Көрместі көзің көреді,

«Шалалар» неткен көп еді?..

Әлі де «Шүлдір-Қазақтар»

«Шүлдірлеуменен» келеді.

 

Не пайда одан еліне?

Не пайда одан жеріне?

Орманға қарап ұлитын

Қасқырдың күшіктері ме?

 

Қазақтың жолы тар ма екен?

У ма екен, татар бал ма екен?

Шыққысы келмес құлдықтан

«Шүлдір де» - Намыс бар ма екен?..

 

Жұмаш КӨКБӨРІ,

27.10.2014 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553