Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6498 0 пікір 30 Қазан, 2014 сағат 15:19

БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҮНДЕУІ

 

«Прокуратура туралы» Заңның 25-2-бабына сәйкес заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ауғанстан, Ирак және Сирия аумағында ұрыс қимылдарына қатысатын бірқатар Қазақстан азаматтары туралы объективті ақпараттың қолда бар екенін хабарлайды.

Сондай-ақ, Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы жанжалға қатысу мақсатында жекелеген азаматтардың шығуы туралы мәліметтер бар.

Бұл фактілер бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қылмыстық істер қозғап, тергеуде, ал олардың жекелегендері бойынша соттың айыптау үкімдері шығарылды.

Дегенмен, қазіргі уақытта біздің азаматтарымыздың шетелге «ыстық нүктелер» деп аталатын жерлерге, соның ішінде азғырып көндірумен және ұрыс қимылдары аймағына тілек білдергендерді жөнелтумен айналысатын тұлғалардың көмегімен шығу талпыныстары жалғасуда.

Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыс болып табылады.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 162-бабымен жалдамалылық, яғни, жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру, сондай-ақ оны қарулы жанжалда пайдалану және қатысуы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 162-1-бабына сәйкес жалдамалылық белгілері болмаған кездің өзінде шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге құқыққа сыйымсыз қатысу да қылмыс болып табылады. Бұл әрекетті жасағандық үшін жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

Мұндай қылмыстардың ерекше қоғамдық қауіптілігін, олардың артында бейбіт азаматтарды өлтіру, олардың тұрғын үйлерін қирату және өзге мүлкінен айыру, ұрлау мен азаптау тұрғанын атап өту маңызды. Олар шет мемлекеттердегі ғана емес, біздің де елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке қауіп-қатер әкеледі.

Осыған байланысты, Бас прокуратура ұрыс қимылдарына қатысу мақсатында елді тастауға талпынған Қазақстан Республикасының азаматтарын көрсетілген қылмыстарды жасаудан сақтандырады және бұл үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертеді.

Кез келген мұндай сигналдар құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың мұқият тексерісіне ұшырайтынын ресми ескертеміз.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жоғарыда көрсетілген баптарындағы қылмысты жоспарлағаны немесе жасағаны туралы объективті ақпарат бар адамдардың барлығы бірі қалмастан қылмыстық қудалауға ұшырайтын болады.

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596