Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Өзіңе сен 7085 0 пікір 4 Қараша, 2014 сағат 16:56

ОҢТҮСТІКТЕ ӨТКЕН 15 ШАРА

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, атсалысуымен қазан айының 1-і мен 31-і аралығында 15 іс-шара өткізілген екен.

«Егемен Қазақстан» газетінің вице-президенті-бас редакторы Жанболат Аупбаев және «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзина Бектасова облыс журналистеріне журналистік зерттеу және сұхбат алу тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізді.(01.10.2014)

IMG-20141001-WA0028

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 1 қазан ‒ халықаралық қарттар күніне орай «Еңбегімен өмірге өрнек салған тұлғалар» атты мерекелік шараға қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өткен іс-шарада облыс басшысы оңтүстікқазақстандық барша аға буын өкілдерін мерекелерімен құттықтады.(01.10.2014)

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов бастаған Қазақстан киноматографияшылар одағының мүшелері «Оңтүстік» ақпарат орталығында жергілікті журналистермен кездесті.(02.10.2014)

_DSC7228

«Мәңгілік Ел – ұлттық идеямыздың түпқазығы» Қазақстан -2050 Стратегиясын жүзеге асыруға арналған саясаттанушылардың республикалық конференциясы өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов, белгілі саясаттанушылар Ерлан Карин, Айдос Сарым т.б. қатысты.(09.10.2014)

20141009_100548

Облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Серпіліс» қоғамдық қоры әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтардың психологиялық көзқарастарын белсенді өмірге бағыттау тақырыбында тренинг өткізді.(15.10.2014)

Ұлт қайраткерлері Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығы және «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.(17.10.2014)

10386276_585369221586514_974813449372181270_n

«Хабар» агенттігінің продюсері Арман Сқабылұлы мен «Астана» телеарнасының аналитик редакторы Жайна Сламбекқызы жергілікті әріптестеріне шеберлік сабағын өткізіп, тележурналистиканың қоғамда алатын орны, телеарнадағы сұхбат жанры, тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдері туралы дәріс оқыды.(21.10.2014)

image-22-10-14-12-15-1

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбайдың қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысы Жазушылар Одағы филиалының директорын таныстыру кездесуі өтті.(22.10.2014)

Ұлттың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет ағамыздың 60 жылдық мерейтойына орай ақынның Шымкентте шығармашылық кеші ұйымдастырылды.(22.10.2014)

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бұқараның әлеуеті мен бірлігін, ынтымағын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша облыстық басқарма басшылары аға буынмен кездесу өткізіп тұратын болып шешілді. Алғашқы жүздесуге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.(24.10.2014)

Түркістан қаласында «Түркiстанды түркi дүниесiнiң рухани орталығы ретiнде қалыптастыру мәселелерi» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференцияда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли облыс әкімінің құттықтауын оқып, шағын баяндама жасады.(25.10.2014)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен Түркі Академиясы бірлесіп Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» атты Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырды.(27.10.2014)

Кентау қалалық «Нұр Отан» партиясының кіші мәжіліс залында ақпараттық материалдарды интернет желісінде таратуға бейімдеу және аудандық, қалалық газеттердің көркемдік мәселелері бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Баспа өнімдерін интернет желісінде таратуға бейімдеу және газетті көркемдеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.(27.10.2014)

«Менің елім-Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық экспедициясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы іс-шаралары облыстық ішкі саясат басқармасының атсалысуымен өтті.(30.10.2014)

IMG-20141030-WA0016

Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы және «Киелi Қазығұрт» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ордабасы: кеше, бүгiн және ертең» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.

IMG-20141030-WA0018

Дереккөз: saigez.kz

0 пікір