Сенбі, 20 Сәуір 2024
Сүйінші! 9153 0 пікір 22 Қараша, 2014 сағат 00:46

ЖАНАР ЖЕҢДІ!

Түгел түркінің төркіні саналатын Ұлы Даланың мәртебесі бауырлас жұрттың алдында тағы бір асқақтады. Татарстан астанасында өтіп жатқан «Turkvizyon 2014» байқауында қазақ әншісі Жанар Доғалова жеңіске жетті.


Қазан қаласының аспанын түркі әуеніне бөлеген ән жарысына түркітілдес елдерден 15 үміткер қатысты. Үміткерлер арасынан «Ізін көрем» атты композициясымен ерекшеленіп, орындаушылық шеберлігін танытқан Жанарға 1-орын бұйырды. Ол бұл сайыста 225 ұпай жинап, дара шықты.

Абай.kz

0 пікір