Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Елім-ай 4974 0 пікір 25 Қараша, 2014 сағат 10:41

БІЗ АЙТУҒА, ҚАТЫСУҒА ҚАҚЫЛЫМЫЗ

Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө. Исекешевке 

ҚР азаматтары, Antigeptil қозғалысының белсенділерінен

Хат қабылдау мекен жайы: Астана қ-сы, Жамбыл к-сі 38 үй

 

Құрметті Министр!

XXI  ғасырда адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бүкіл адамзат үшін маңызды саяси құқықтық құндылық болып табылады.

Көптеген мемлекеттер адамның денсаулығы мен қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ететін құқықтарды мойындап, мемлекет жүйесін жетілдіруде.

ҚР Конституциясына сәйкес, мемлекет қоршаған ортаны қорғау міндетін атқарып қана қоймай, сонымен қатар адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін мәліметтерді жасырған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастырады.

ҚР Экологиялық кодексінінің қабылдануы, мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтірудегі әрекеттерді жүзеге асыруындағы маңызды қадам. Экологиялық кодекс ҚР қалыпты дамуындағы экологиялық негіздерді белгілеп қана қоймай, Қазақстан азаматтарының экологиялық құқықтарын да нақтылаған. Бірақ Қазақстанның қазіргі жағдайында жарияланған нормалар мен олардың іс жүзінде орындалуы ашық түрде қалуда.

2013 жылдың 2 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон» зымыранының апатқа ұшырауы,  сол зымыранда қолданылған улы «гептил» отыны  қоршаған ортаға келтірілген залалдың маңыздылығын көрсетті. 

Қазақстан Республикасы «Протон» апаты келтірген залалдың шығынын 13  миллиард теңгеге бағалаған болатын, алайда мемлекеттік лауазымды тұлғалар әлі күнге дейін гептилдың қоршаған орта мен адам денсаулығына қаншалықты зиянды екендігі туралы сұрақтардан қашқалақтауда. 

Antigeptil белсенділері мен қоғамның наразылығына Ұлттық ғарыш агенттігінің қызметкерлері дұрыс жауап бере алмағанымен қоймай, сол мекеменің басшысы Т.Мұсабаев тіпті  Antigeptil белсенділерін қоғам алдында кекетіп, мазақ етуге дейін барды.

Antigeptil белсенділері біржарым жыл бойы наразылықтарын жалғастыруда. Ал  сіздің мекемеңіз болса, Қазақстанның басқа да мемлекеттің органдары сияқты, заңды тілмен айтқанда «әрекетсіздікпен» шұғылданып келеді. 

Мемлекеттік органдардың мұндай қоғамдық баға алуы Байқоңыр ғарыш айлағында улы гептил отынының әлі күнге дейін тоқтаусыз қолданылуына себеп болуда. 

Мемлекеттік лауазымды тұлғалар өздерінің әрекетсіздігін ҚР мен РФ арасындағы мемлекетаралық келісімдердің орындалуы қажеттігімен ғана байланыстырып отыр.  Бұны мемлекеттік органдардың улы гептил отынының қоршаған ортаны улауды тоқтатуға деген шарасыздығы немесе икемсіздігі деп түсінуге болады.

Гептил отынын қолдану мәселесі Қазақстан қоғамының назарынан тыс қалмауы қажет, ол әр азаматқа тікелей қатысты мәселе.

Ал ресейлік әріптестермен жасырын жүргізілген «келісімдер»   жемқорлық пен Қазақстанның ұлттық мүдделерін сатумен тең болып тұр.

ҚР Экологиялық кодексінің 13 бабына сәйкес, Қазақстан азаматтары қоршаған ортаға байланысты мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерге қатысуға хақылы, және де қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты қабылданатын нормативті актілерді талқылап, өз пікірлерін айтуға хақылы.

Орхус Конвенциясының  7 бабына сәйкес, қоғамның әр мүшесі талқыланатын шешімдер бойынша өз пікірін жазбаша ескертулер немесе ұсыныс түрінде білдіре алады.

Одан басқа, 6 баптың 2 және 4 тармақтарына сәйкес, халық кез келген шешімдердің қабылдануынан хабардар болуы тиіс және де сол шешімдердің қабылдануына ең басты сатысынан бастап қатысуына хақылы.

Antigeptil қозғалысының белсенділері Қазақстанның мемлекеттік органдарына бірнеше рет Байқоңыр ҒА бойынша істеп жатқан барлық жұмысшы тобына  қатысу ынтасын білдірген болатын. Ондағы мақсат, Antigeptil белсенділері гептилді қолданудағы қоғамдық пікірді білдіріп қана қоймай, сонымен қатар Байқоңыр ҒА мемлекетке жүктелген  қоршаған ортаны қорғау шараларының қаншалықты жүзеге асырылуы туралы қоғамға  ақпарат беру. 

Шенеуніктердің қоғам белсенділерін Байқоңыр ҒА бойынша өткен мекемеаралық жұмыс топтарының отырыстарына жолатпауының себебтері Antigeptil қозғалысының ұрандары мен қатаң талап қоюында ғана емес, ол Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау органдарының гептилге байланысты әрекетсіздігі. 

Қазақстан азаматтары, Antigeptil белсенділері, мемлекеттік органдар қоғам мүшелерін Байқоңыр ҒА бойынша жұмысқа қатыстырмағанымен қоймай, гептил отынының зияндылығы туралы ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді жалғастырып жатқанын мәлімдейді.

Азаматтық қоғам өкілдері, Antigeptil қозғалысы белсенділерінің пікірі бойынша, Экологиялық Кодекстке, Конвенцияда  (Орхус) қоршаған ортаға қатысты ақпаратқа қол жетімділік, қоғам өкілдерінің шешімдерді қабылдауға араласуы мен әділсотқа қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру үшін, келесі механизмдердің қабылдануын қажет деп санайды:

Зымыранда пайдаланылатын гептил отыны жайлы және де сол гептилдың  қоршаған орта мен адам денсаулығына келтіретін зияндылығы туралы барлық ақпаратты қалың бұқараға ашып беру;

Гетил отынынан қоршаған ортаны тазарту және қорғау бағдарламары мен жоспарын дайындауды жүзеге асыру мақсатынды құзырлы органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен арнайы жұмыс тобын құру.

Қазақстан Республикасының азаматтары, Antigeptil қозғалысының белсенділері:

 

Блялов Болатбек

Ұлан Шамшет

Максутов Алмас

Сеитов Аскар

Арман Закарин

Санат Урналиев

Рафкат Каманов

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3508