Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4775 1 пікір 26 Қараша, 2014 сағат 12:02

ТҰРҒЫН ҮЙДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

 

Бұл бағдарлама балалары бар жас отбасыларға (29 жасқа толмаған), мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мемлекеттік мекеме жұмысшыларына, мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларына арналған. Халықтың көп бөлігінің алдын ала төлемді өтеуге қаражатының жеткіліксіздігін ескере отырып, несиелеу тұрғын үй құрылыс жинақ қоры арқылы алдын ала несие алу арқылы жүзеге асырылады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй алу мақсатында пайыздық төлемі жылына 4 %-дан аспайтын алдын ала және аралық несиелер береді. Осы несиелердің қолдану мерзімі – 8,5 жылға дейін, ал осыдан кейінгі тұрғын үй несиесінің мерзімін есептегенде (15 жылға дейін) несиені қолданудың жалпы мерзімі 23,5 жылға дейін болады.

1 пікір