Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4486 0 пікір 27 Қараша, 2014 сағат 23:25

БАС МҮФТИ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСТІ

 

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы әлем чемпиондары – Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаевты және оның бапкерлерін қабылдады.

Қазақстан атын айдай әлемге паш еткен спортшылар Бас мүфтимен елдегі тұрақтылық, бірлік, еліміздің өркендеуі, мемлекетіміздің мерейі, спорт туралы сұхбаттасты. Зілтемірші жігіттерді жеңісімен құттықтаған Ержан қажы Малғажыұлы: «Сіздердің көк туымызды көкте желбіретіп, жеңіске жетіп, әлемге танылып, мәртебелеріңіздің биіктеп жатқаны – Алланың қолдауы, Елбасының қамқорлығы, Тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің арқасы. Қоғамда тыныштық болса, біз әлі талай асуларды бағындырамыз. Спорт – баршаны бірлікке біріктіретін игі шара. Еліміздегі мұсылман жамағаты да сіздердің жеңістеріңізге қуанып, қолдап-қуаттап, Аллаға дұға етуде. Біздің басты жетістігіміз – бірлігімізде. Халқымыз кезінде талай тауқыметті бастан кешті. Қазір, Құдайға шүкір, жағдайымыз жақсы. Біз бүгінгі күніміздің қадірін жақсы түсінуіміз керек. Алла Тағала жар болып, биік шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілектеспін», – деді.

Өзге мемлекеттермен салыстырғанда тұрмысы түзу, бірлігі сақталған, экономикасы өркендеп келе жатқан Қазақстанда тұру үлкен бақыт екенін айтқан Илья Ильин Бас мүфтидің қабылдауын өзіне мәртебе санайтынын жеткізді. «Бәріміздің мақсатымыз бір: еліміздің дамуына үлес қосу, Қазақстанды әлемге таныту. Біздің қолдаушымыз – халық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл бізге үлкен жауапкергшілік жүктейді. Ел сенімінен шығуға әрдайым дайынбыз. Бізді қабылдап, жылы лебіздеріңізді білдіріп жатырсыз. Сізге тек алғыс айтамыз. Сіздердің де жұмыстарыңыз өте маңызды. Бастамаларыңызды көріп, біліп жүремін. Сізге де жұмысыңызға береке тілеймін», – деді И. Ильин.

ҚМДБ төрағасы чемпиондардың бапкерлеріне жылы лебізін білдіріп, алғыс айтты. Бас мүфти жастарымыз танымал тұлғаларға, спортшыларға қарап, бой түзейтінін, солардан үлгі алатынын тілге тиек етті. 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565