Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4744 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 04:42

Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ: Қандай бәйгеге түссем де, жеңіліп көрген емеспін

– Бұйыртса, 30 мамыр күні Республика сарайында шығармашылық есеп бергелі отырсыз. Жаңылыспасам, осыдан екі жыл бұ¬рын өткен кешіңіз де дәл осы күні өткен болатын. Биыл да солай... Мұның мәнісі неде?
– Екі жыл бұрынғы кешімнің қай күні өткенін ұмытып та қалыппын. Республика сарайында ма¬мыр айының ішінде осы сенбі ға¬на бос екен. Сонымен, ұйым¬дас¬тыру жұмыстарына кірісіп кеткенмін. Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін, ескі мұрағаттарымды ақтарып отырып, алдыңғы концерттің келісімшарттарын та¬уып алдым. Бастапқыда «әлі құжаттарға қол қоймаған сияқты едік қой» деп өзім түсінбей қал¬дым. Сөйтсем, екі концерт те 30 мамырға сай келіпті. Бұл алдын ала ойластырылған жұмыс емес, сә¬ті солай түскен сияқты. Әдейі іс¬темегенім анық.
– Сізді продюсер ретінде жұрт жақсы біледі. Талай концерттерді ұйымдастырып, игі жақсылардың аты ұмытылып, мұрасы өшіп кетпеуіне үлкен күш салып жүр¬сіз. Дегенмен өзіңіздікіне келгенде, екі есе жүгіретін шығарсыз?

– Бұйыртса, 30 мамыр күні Республика сарайында шығармашылық есеп бергелі отырсыз. Жаңылыспасам, осыдан екі жыл бұ¬рын өткен кешіңіз де дәл осы күні өткен болатын. Биыл да солай... Мұның мәнісі неде?
– Екі жыл бұрынғы кешімнің қай күні өткенін ұмытып та қалыппын. Республика сарайында ма¬мыр айының ішінде осы сенбі ға¬на бос екен. Сонымен, ұйым¬дас¬тыру жұмыстарына кірісіп кеткенмін. Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін, ескі мұрағаттарымды ақтарып отырып, алдыңғы концерттің келісімшарттарын та¬уып алдым. Бастапқыда «әлі құжаттарға қол қоймаған сияқты едік қой» деп өзім түсінбей қал¬дым. Сөйтсем, екі концерт те 30 мамырға сай келіпті. Бұл алдын ала ойластырылған жұмыс емес, сә¬ті солай түскен сияқты. Әдейі іс¬темегенім анық.
– Сізді продюсер ретінде жұрт жақсы біледі. Талай концерттерді ұйымдастырып, игі жақсылардың аты ұмытылып, мұрасы өшіп кетпеуіне үлкен күш салып жүр¬сіз. Дегенмен өзіңіздікіне келгенде, екі есе жүгіретін шығарсыз?
– Мен шоу өткізгелі отырған жоқпын, бұл – менің авторлық кешім. Басты мақсатым – өз өне¬рімді насихаттау. Егер шоу ре¬тінде қолға алсам, онда Респуб¬лика сарайының ішіне көл ор¬на¬тып, аққу ұшырып, қаз қондырып қояр едім. Ол аз десеңіз, цирктен түр¬лі әртістер мен жан-жануарлар ал¬дырып, аспаннан адам түсіріп, ит үргізіп, тауық шақыртып, арыс¬тан-маймылдарды билетіп қою¬ға да болады. Бірақ шоу бө¬лек, концерт бөлек. Ел сияқты ата¬ққа ұсынылар кезде ғана кон¬церт қойып немесе коммерциялық мақ¬сат ұстанбаймын. Уақыт де¬ген зымырап өтіп бара жатыр. Қа¬дыр Мырза Әлінің «Мезгіл өтсе, мей¬лі ғой, өте берсін, сәттер өтіп ба¬рады осы қиын» деген өлеңі бар. Әрбір сәтімнің мағыналы, мәнді өт¬кенін қалаймын. Бірақ байқап отыр¬сам, соңғы жылдары менің ком¬позиторлығымды қоғамдық, сондай-ақ продюсерлік жұмыс¬та¬рым басып бара жатқан сияқ¬ты. Жақында жарнамалық тақ¬та¬дан суретімді көріп, бір адам «мы¬¬на кісі мықты саясаткер ғой. Оған қоса ән жазады екен. Келіп, кө¬¬ру керек» деп тұр дейді. Көп жер¬¬лерде де менің атымды біл¬ге¬німен, шығарма¬шы¬лы¬ғым¬мен же¬те таныс емес. Өзімді көр¬ген¬де «сол әннің авторы сіз бе еді¬ңіз?» деп сұраулы көзбен қарайды. Сон¬¬дықтан енді жыл сайын ке¬шім¬ді өткізіп тұрмақпын. Қы¬рық¬тан асқан кезде өз туын¬ды¬ларыма тиянақпен қарамасам, дұ¬рыстап на¬сихаттамасам, онда өз шы¬ғар¬ма¬шылығыма селқос қа¬рағаным болмақ.
– Әдетте, сіз концерт ұйым¬дас¬тырғанда декорацияға көп кө¬ңіл бөле бермейсіз. Бұл қаржыны үнем¬дегендіктен бе?
– Мен жұрттың назарын сах¬на¬ға емес, орындалатын әндерге ау¬дарғым келеді. Осы себептен де сах¬наны безендіруге көп күш жұм¬сай бермеймін. Концертіңе ке¬летін адам ештеңеге қарамай ке¬леді. Ал келмейтін адам сахнаға ал¬тын жалатып, «Шәмші Қалдая¬қов тіріліп келіп, Қалдыбекке ба¬тасын береді екен» десе де кел¬мейді. Сынайтын адам бәрібір мін та¬бады. «Тырнағыңның астынан кір іздеуге» тырысады. Өзім¬ді¬кін¬де де сахна керемет болады деп ай¬та алмаймын. Анау айтқандай, жұ¬пыны да болмайды. Тек осы жо¬лы «Қалдыбек Құрманәлінің ән кеші» деп жазылып, үлкен су¬ре¬тім ілінеді. Өйткені бірде Шым¬кентте теміржол вокзалында отыр¬сам, теледидардан менің ән кешім көрсетіліп жатыр екен. Бірталай адам тамашалап отыр. Ішінде мен де бармын. Кейбіреулері келіп аман¬дасып жатты. Концертті кө¬ріп, сәлемдесіп жатыр екен деп ой¬ладым. Сөйтсем, түрім таныс бол¬ған¬нан кейін екен. Сөйлесе келе, б¬іреуі «жай отырсыз ба?» деп сұ¬рады. Мен концертімді көріп отыр¬ғанымды айттым. «Мынау сіз¬дің ән кешіңіз бе? Ел сияқты неге су¬¬ретіңізді іліп қоймайсыз? Кім¬нің ке¬ші екені түсініксіз. Жүр¬гі¬зу¬ші жоқ, кештің аты көрінер-кө¬рін¬бес бо¬лып қалған. Сіздікі еке¬нін біл¬генде, бастан-аяқ көретін едім ғой» деді. Бейтаныс адамның пі¬кірі ме¬ні ойлантып тастады. Су¬ретімді іліп жатқан жалғыз себебім де – сол. 4-5 мың теңгеге билет алып келген тың¬дарман концерт¬тен шыққан¬нан кейін, кеш жақсы бол¬са, үйі¬не жеткенше әңгіме қы¬лады. Тіпті көр¬шісіне, ертеңіне жұ¬мысына ба¬рып талқылауы мүмкін. Ал ке¬рі¬сінше көңілдегідей бол¬ма¬са, бала-ша¬ғасының аузынан жы¬рып, би¬лет¬ке жұмсаған ақшасына өкі¬¬не¬ді. Мен елдің өкінбей кет¬ке¬нін дұ¬рыс көремін.
– Әншілер «сіздің әндеріңізді орын¬дамасақ, басқа концерттерге жо¬латпай қояды» деп қорыққаннан қа¬тысқалы жатқан жоқ па?
– Мен әншілердің басым бө¬лі¬гімен қоян-қолтық араласамын. Бі¬разын өлердей жақсы көремін, бі¬разы мені «өлердей» жақсы кө¬реді. Осы кешке қатысатын өнер ие¬лерінің екі-үшеуімен ғана шү¬йір¬келесіп отырып, шай ішпеппін. Қал¬ғандарының барлығымен ауы¬лымыз аралас, қойымыз қоралас де¬сем болады.
Жалпы, маңайымда күні үшін жүр¬ген адамдарды жақтыр¬май¬мын. Ән ұсынғанда да: «Өзіңе ұна¬маса, жасырма. Одан жүрегім жа¬ры¬лып кетпейді. Жеке басымды сый¬лап, көңіліме қарап, осы әнін орын¬дай салайыншы, өнерде бірге жүр¬міз ғой деген ой болмасын», – деп бірден ашығын айтамын. Клип тү¬сіріп бермесем де, әрлеуін жа¬сау¬ға көмектесемін. «Маған да ән бер¬медіңіз бе» деп өкпелеп жат¬қан¬дар бар. Оларға айтар уәжім «мен кереметтей өндіріп жазатын ком¬позиторлар қатарына қосыл¬май¬мын. Өзімді қинап, ән жаз¬бай¬мын. Ұзын саны отыз шақты әнім¬нің орындаушылары дайын» дей¬мін. Ал менің туындыларымды орын¬дайтын әнші өз айналамнан, сыйласатын адам болуы керек. Ал өзім араласпайтын әншіге «супер¬жұл¬дыз» болса да, ән бермеймін. Әнімді айтып, өзіммен араласп¬ай¬тын әншінің түкке де керегі жоқ.
– Жалпы, сізге әнге тапсырыс беретіндер бар ма?
– Содан құтылғаныма алты ай¬дай болған еді. Кеше түнгі сағат 12-ден 10 минут өткенде бір қыз «пә¬ленше деген әншімін ғой, не іс¬теп жатырсыз?» деп хабарласады. Атын есіме түсіре алмадым. Тура ме¬нің жегжат-жұрағатым, аға¬йын-туы¬сым, не болмаса, бал¬ды¬зым сияқ¬ты сөйлейді. «Ай¬на¬ла¬йын, үйің¬де сағат бар ма? Түнгі 12-де адам не істеуші еді, ұйықтап жа¬тыр¬мын. Күндіз қайда қалдың? Жоқ, сенің есіңе кешке түсем бе?» – деп әбден ұрыстым. Мен өзіме түн ортасында телефон шалатын адам¬дарды білемін. Олар – менің жан достарым. Кейде телефон соға са¬лып, қол-аяғымды жерге тигіз¬бей, кереметтігімді, мықты ком¬по¬зи¬тор екенімді айтып, сайрай жө¬не¬летіндер бар. Тіпті, Шәмшінің дең¬¬гейіне дейін жеткізіп қояды. Бір¬¬де сондайлардың біреуі «сізге ән жаз¬дыртып, тойыңызда орын¬дай¬мын деп бір көкеме уәде беріп, бес мың доллар алып қойып едім. Со¬ның көп бөлігін сізге берейін. Ән жазып беріңізші» дейді. «Сені та¬нымаймын, әншісің бе, ұры-қа¬ры¬сың ба, білмеймін. Жұмыс ор¬ны¬ма дискіңді әкеліп таста, те¬ле¬фо¬ныңды қалдырып кет» десем, сөз аяғын тыңдамайды. Сосын «мен саған уәде бердім бе» деп, ба¬лағаттың тоқсан бес түрін жі¬бер¬дім. Айтпаған сөзім жоқ. Мен еш¬қашан тапсырыспен ән жазған емес¬пін. «Жайықтың толқындары» де¬ген әнімді ғана өтінішпен жаз¬ған¬мын. Өтініш пен тапсырыстың ара¬сы жер мен көктей. Басында «жа¬сым біразға келіп қалды. Жын¬дылықты қою керек. Жұрттың бә¬рімен мәдениетті сөйлесейінші» деп өзімді-өзім психологиялық түр¬де дайындап, елдің ығына жы¬ғыла сөйлеп, көңілге қарайыншы деп жүргенмін. Сөйтсем, олай бол¬майды екен. Кейде өзіңе ты¬ныш¬тық беру үшін, жаның қаламайтын дүн¬иеден құтылу үшін, өз ұста¬нымыңды дәлелдеу үшін осылай мі¬незіңді көрсетуге тура келетін кез¬дер бар.
– Мінез демекші, психологтар «адамның қолтаңбасына қарап, мі¬нез-құлқын білуге болады» дейді. Сіз¬дің жазуыңыз тайға таңба бас¬қандай. Ал мінезіңіз кедір-бұдыр. Са¬ла мамандарының бұл тұжырымын ту¬ра осы жерде жоққа шығаруға бо¬латын сияқты...
– Менің өзге түгілі, өзім түсінбей қа¬латын мінездерім бар. Пси¬холог¬тар, жорамалшылар қанша бол¬жа¬ғанымен, адамның мінезі өзімен бір¬ге туады дегенмен, барлығы бір Ал¬ланың қолында. Оны Жа¬ра¬тушы біледі. Қолтаңбаға келсек, бұл қа¬зір менің жазуымның қайта на¬шар¬лап қалған кезі ғой. Мектепте жүр¬генде одан да мықты-тын. Ке¬йін газетке мақала жаза бастаған уа¬қытта, әр әріпті асықпай жазып отыр¬сам, ойымды ұмытып қалатын сияқты, тез-тез сүйкей салуға ма¬шықтандым. Шыдамсыздықтан да шы¬ғар. Мүмкін, байсалды болып жүр¬генде, басқаша болар.
– Байсалды жүрсеңіз де, сіздің мі¬незіңізге кез келген адамның шы¬дауы қиын. «Жазықсыздан-жа¬зық¬сыз жан баласын ренжіткен емес¬пін» деп айта аласыз ба?
– Жақында жақсы көретін ак¬тер¬¬лерімнің бірі Болат Әбділманов: «Қал¬дыбекпен бірінші кездескен кез келген адам міндетті түрде тү¬сі¬нісе алмай, «сыртынан қарасаң, ке¬ремет сияқты. Жанына жоласаң, адам емес екен» деп ренжіп кетеді. Екін¬ші келгенде, бастапқы көз¬қа¬расы өзгеріп, жартылай үйрене бас¬тайды, ал үшінші кезіккенде «кете ал¬май, бауыр басып қалады» деген еді. «Өз кемшілігін білген адам, бір ел¬ге билік жасай алады» деп әкем мар¬құм айтатын. Менде де жетісіп тұр¬маған мінездер жеткілікті. Жақ¬сы қасиеттеріммен қоса, кем¬ші¬ліктерім де бар. Адам ғұмыр бо¬йы үш нүктенің ортасында ай¬на¬лып жүреді екен. Бірінші – бірін-бі¬рі іздейді, табады, сосын жоғал¬та¬ды. Сол сияқты, мен де іздедім, тап¬тым, жоғалттым. Бұл бір жақты ай¬тылған ой емес. Әке-шешеңді, қи¬мас досыңды, сүйген қызыңды жо¬ғалтуың мүмкін. Ет пен сүйек¬тен жаралған пенде болғаннан ке¬йін, біреуді ренжітетінің де – ақи¬қат. Одан адамын деп айта ал¬май¬мын. Бір анадан бірге туған ба¬уыр¬ларыммен де кейде жүз шайысып қа¬ламын. Осында суретші-муль¬ти¬пликатор Әбдіқадыр Хамитов де¬ген кластас досым бар. Мінезі жұм¬сақ, қой аузынан шөп алм¬ай¬тын адам. Бірақ мен соны бай¬қамай ренжітіп алдым. Екеуміз бес жыл¬дай араласпай кеттік. Іштей қа¬телік менен екенін білсем де, те¬лефон шалған жоқпын. Қанша до¬сымды сағынып, іздеп, өткен күн¬дерімізді ойлап жүрсем де, бір қы¬ңыр мінез соған жібермеді. Әйт¬песе, біріміздің әкемізді, біріміз ше¬ше¬мізді өлтіріп қойған жоқпыз ғой. Қы¬зық болғанда, өткенде «Хабар» те¬леарнасында бір тү¬сірілімде екеу¬міз бетпе-бет кездесіп қалдық. Кі¬нәлі мен екеніне қа¬рамастан, ол ке¬ліп құшақтай алды. Расул Ғам¬за¬товтың өлеңіне жа¬зылған Аяз Бет¬баев¬тың термесі бар ғой:
– Біле біл, дос пен қасыңды,
Аңғалдық жеңіп жүрмесін.
Артыңа сақта ашуды,
Кетпейді тепсең шын досың.
Жаманға бірден жорыма,
Бөге тұр, сәл-пәл өкпеңді.
Кінәсін мойындағанда,
Қазбалай берме өткенді, – де¬ген. Ол маған қайта кінә артпады, өт¬кенді мен де қозғамадым. Сол до¬сым, Алла бұйыртса, осы кешімнің қବдір¬лі қонағы болады деп ойлай¬мын.
– Досыңыз көп пе, дұшпаныңыз ба¬сым ба?
– Қандай бәйгеге түссем де, же¬ңіліп көрген адам емеспін. Сон¬дықтан болса керек, менің ая¬ғым¬нан шалғысы келетіндер көп. Бо¬ла¬шақта одан да көбейетін шығар деп ойлаймын. Көре алмайтын қыз¬ғаншақтардың майда-шүйде әң¬гімесіне көңіл бөлетін уақытым жоқ. Тек сонымен айналысып отыр¬сам, көп нәрседен ұтылған бо¬лар едім. Оларсыз да өнерімді, аза¬мат¬тығымды, іскерлігімді сыйлап, сү¬йіспеншілікпен, жанашыр¬лық¬пен қарайтын тілеулестерім жетіп ар¬тылады. Бір-бірімізді сырттай бі¬ліп жүріп, кездескен сәтте риза¬шы¬лы¬ғын білдіріп, «енді қанша өмір қал¬ды дейсің, араласып тұрайық» деп жататын зиялы қауым өкілдері де бар. Өз басым өмірде талай сү¬ріндім, бірақ құлаған жоқпын. Сол сәт¬тер де басқа жолға түсіп кетпей, аман қалғаным, осы күнге жет¬ке¬нім – қолтығымнан сүйеп, демеу бер¬ген қамқор ағаларым, доста¬рым¬ның арқасы. Басыма қиындық түс¬кенде, жалт бұрылып кеткен не¬месе байлықтың буы жеңіп, та¬ны¬май кеткен, дос санап жүрген кісі¬ле¬рім де болды. Олардың үйіне ба¬рып халын сұрасаң, еңірегенде етегі жас¬қа толып, «банкрот болып қа묬ғанын, жұмысының жүрмей жат¬¬қа¬нын» айтып, жылай жөне¬ле¬тін. Сол адам бір апта бұрын ғана «200 мың долларға мейрамхана сатып ал¬ғанын, оның іші-сыртына Таш¬кент¬тен дизайнерлер әкеліп, 100 мың долларға шығыстық үлгіде жөн¬деу жұмыстарын жүргізгендігін қай¬та-қайта есіме салып, өлгенше мақ¬танған болатын. Мен оларға қа¬рағанда, әлдеқайда бақытты екен¬мін. Себебі ақшам жоқ болса да, қиналып жүрсем де, өмірі жы¬лаған емеспін. Жоқ болса да, бар деп айтқанмын. «Сендер бұрын¬ғы¬дай емес, басқаша болып кетіп¬сің¬дер» деп, кей достарымызбен ара¬мыз осылай алыстап кетті. Ұзақ жыл¬дан бері басымда қандай жағ¬дай болса да, жанымнан қалмай ке¬ле жатқан Бектұрсын есімді до¬сым бар. Кейбір үйге барсаң, дас¬тар¬қанында 45 түрлі тамақ тұруы мүм¬кін. Қарасаң, нанға жағылған ик¬раның атынан жаңылып, түрлі та¬ғамдардан көзің сүрінеді. Бірақ ешкімге қайыры жоқ. Қай затты қай елден әкелгенін айтып, мақ¬тан¬ғанда, жеген асың тамағыңнан өтп¬ей қалады. Сол үйге барғаныңа өкі¬несің. Ал Бектұрсынның үйін¬де¬гі жеңгем қара нан берсе де, ет же¬гендей болып кетемін. Сондай-ақ «Ялян» сауда үйінің директоры Жан¬гелді мен әрі ағам, әрі досым Шә¬кизаданың орны бөлек. Кезінде бас¬қа салаға кетпек болып жүрге¬нім¬де, Әуезов ауданының әкімі, ар¬дақты досым Әділ Несіпбаев: «Қал¬дыбек, әлеуметтік жағдайыңды күйт¬теп кетсең, сен мені ренжітіп ала¬сың. Құдай саған ән жазуды нә¬сіп еткен, өнеріңді сақтап қалуға тиіссің», – деп бір ауыз сөзімен тоқ¬тат¬қан еді. Шығарм¬ашы¬лығым¬ның шыңдалуына, өнерімнің өріс¬те¬уіне қосқан Мұхтар Шаханов ағам¬ның да еңбегі зор. Осындай дос¬тарымның, қамқор ағала¬рым¬ның барымен әрқашан мақ¬та¬намын, олар да үміттерін ақтай ал¬ға¬ным үшін қазір менімен мақ¬та¬на¬ды.
– Кейбір достарыңыз сізді сыр¬тыңыздан «жынды» деп атайды. Олар күліп айта ма, біліп айта ма? Жоқ, бұл сізді өзімсініп, ерке¬лет¬кен¬дері ме?
– Оны өзім де көріп-біліп, естіп жү¬ремін. Жарылқасын деген жие¬нім ұялы телефонына менің нө¬мі¬рімді «жынды» деп жазып қойыпты. Өмірде «жындылықтың» да пай¬дасы болатынына көзім жеткен. Кей¬бір адамдарды өз орнына қою үшін «жындылық» көрсету қажет. Мы¬салы, кейбір тойға барғанда, өзің ұната бермейтін адамдардың ор¬тасына түсіп қаласың. Олардың өз¬дерін асқақ ұстап, тойға тілек ті¬ле¬мей, байлығын айтып, лепіре бас¬тағандары қитығыма тиеді. Со¬лардың мысын басу үшін, тұрпайы әң¬гімелерімді бастап, кекетіп, мұ¬қа¬тып жіберемін. Қасымдағылар «қой¬саңшы, сені жынды екен деп ой¬лап қалады ғой» деп басу айтады. Ондайда «ойлай берсін, жынды емес екенімді өзім білемін ғой» дей¬мін. Өзінің өмірі бітпейтін күн¬делікті күйбең тірлігін тойда бық¬сыт¬қаны үшін осындай мінез көр¬сетемін. Ал еркелетіп айтатын¬дар¬ды өзім жақсы көремін. Маған ар¬қа сүйеп келген адамдардың еш¬қашан бетін қайтармаймын. Керек бол¬са, отбасылық, қызметтік мәсе¬ле¬леріне араласып, танымасам да бас¬тығына барып, жұмыстарын бі¬тіріп беремін. Сондай кезде «қан¬дай жындысың» деп таңғалады. Бір адам¬ға осындай пайдам тию үшін мен «жынды» деген атаққа әрқа¬шан дайынмын. Маған десе, «еса¬лаң» деп атасын...
– Сізді байлық қызықтырмай ма?
– Осы кезге дейін ешкімнің дү¬ниесіне, байлығына қызыққан емес¬пін. Өзімде жоқ болғаннан ке¬йін, елдің шетелден әкелген жи¬һаз¬дары мен сувенирлеріне мән де бер¬меймін. Шерхан ағамыздың «бай¬лық деген теңіздің суы сияқты. Іш¬кен сайын, шөлің қанбайды. Бі¬рақ көп іше берсең, бір күні ішің ке¬уіп, өлгеніңді білмей қаласың» де¬ген әңгімесі үнемі жадымда жү¬реді. Тарихта байлығымен аты қал¬ған ешкім жоқ. Өнерге жақын бол¬ған¬дардың ғана есімі ардақталады. Өйт¬кені өнер адамдары – Алланың ме¬йіріміне бөленген жандар. Мә¬се¬лен, осыған дейін қаншама облыс хат¬шылары болды. Солардың бар¬лығын бірдей ел білмейді. Неге біз әлі күнге дейін Дінмұхаммед Қо¬наев пен Асанбай Асқаровты аузы¬мыз¬дан тастамаймыз? Өйткені олар, шын мәнінде, өнерге жаны ашы¬ды. Кешегі өткен арыстан жү¬ректі Заманбек Нұрқаділовтің ша¬па¬ғатын көрмеген жандар кемде-кем. Талай адамға коттедж салып бер¬ді. Өз аузынан естіген әңгімемді айта кетейін. Сол кісінің алдына бір әнші қыз үй сұрап барады. Қа¬раса, кезегі 51-ші екен. «Сен қазір алып кетсең, алдыңда тұрған елу адам ренжімей ме, кезегіңді күт» деп шы¬ғарып салады. Сөйтіп, түс мез¬гілінде сыртқа шықса, әлгі қыз есі¬гінің алдында жылап тұр екен. На¬зар аудармаған болып, кетіп қал¬а¬ды. Кешке жақын үйіне қайтар кез¬де тағы сол көріністі көзі ша¬лады. Таңертең келген әнші кешке дейін сол орнынан жылжымапты. Шын жылап тұр ма, әртістік пе, әй¬теуір көз жасын төккенін қоймаған кө¬рінеді. Сосын қыздың қасына ба¬рып, «қарағым, қазақ қызының жыл¬ағанына жаным шыдамайды. Қа¬зір қайта бер, көп ұзамай үй ала¬сың» депті. Сол қызға үй беру үшін, белден басып, алдындағы елу адам¬ның да баспаналы болуына мүм¬кін¬шілік жасаған екен. Сондықтан ме¬нің байлығым да өнерге сіңірген ең¬бегім болмақ. Ататүрік бір әң¬гімесінде «біз өнер адамдарының та¬лантына тәнті боламыз. Екінің бірі президент болуы мүмкін, бірақ өнер адамы бола алмайды. Біз сол үшін де өнер адамының қолын сү¬йеміз» деген екен. Қазір бізде өнер ада¬мы болу оңай болып кетті. Де¬путаттың, министрдің қолын сүйе¬тін дәрежеге жеттік.
– Кей жағдайда жарнамадағы ән¬шілер кеш барысында төбе көр¬сет¬пейді. Осындай концерттерден өзі¬нің сүйікті әртісін көре алмаған ха¬лық алданған баланың күйін ке¬шіп кетеді...
– Өйткені бес саусақ бірдей емес. Көкелеп жүріп, қолтығыңа еніп, жон арқаңнан пышақ сал¬ғысы келетін әншілер де бар. Соңғы кезде алдын ала келісіп алып, кон¬церт тақағанда, «ақша төлемесеңіз, қа¬тыспаймыз» дейтіндер көбейе бас¬тады. Кезінде солардың сахнаға шы¬¬ғуы¬на бір кісідей көмек¬тес¬кен¬біз. Ме¬нің концертіме қатыспаса өліп ке¬тер¬дей болып, беделді тұл¬ғаларға те¬лефон шалдыртып, өле¬р¬мен¬дік та¬нытқандар да бар. Солар қа¬зір сырт айнала бере, түрлі әңгіме а鬬татынды шығарды. Өнерге жаны ашы¬маған ондай әншілерді мен де кон¬цертіме қатыстырмаймын. Ке¬зінде солардың біреуінен мен ақша алыппын ба, танылып алғаннан ке¬йін, шалқаятындай... Одан да «са¬пасыз концерттерге қатыспаймыз» деп неге бастама көтермейді? Ақ¬ша төлесе, кез келген концертке қа¬тыса бере ме сонда? «Дауысым бол¬са, болды» деп кеуде соғатындар бар. Кешіріңіздер, дауыс бұлбұлда да, есекте де бар. Сол адамның әнін ай¬тып, табыс тауып жүріп, автор¬лық кешіне келмей қалу деген мас¬қара емес пе? Өнерде жүрген адам¬ның істейтін қылығы ма, бұл? Сон¬дай ары таза әнші болса, онда той¬дан тапқан ақшасының мөлшерлі па¬йызын ақын мен композиторға не¬ге бөліп бермейді? Оған келгенде, үн¬демейді. «Әншілер салық төле¬сін» деген кезде біразы дымы жоқ адам сияқты жылап қоя берді. Со¬ларға қарап, менің де қосылып жы¬лағым келді, жаным ашып кетіп... Шын¬дығында, олардың арасында кү¬нін көре алмай жүрген ешкім жоқ.
– Шығармашылық кешіңізге қай¬та оралсақ, бұрынғы бағдар¬ла¬ма¬ңызға өзгеріс енді ме? Кімдер қа¬ты¬сып, кімдер бас тартты деген¬дей...
– Әркімнің өз тіршілігі бол¬ған¬дықтан, ешкімді «30 мамырда Ал¬матыда боласың» деп қинай ал¬май¬мын ғой. Сол күнгі шаруа¬ла¬рына байланысты қатыса алмай¬тын әншілердің алдынан өтіп, олар¬дың репертуарындағы әндерді бас¬қаларға бердік. Бұрын Хадиша Ша¬лабаева орындаған «Шай ішіп кет¬сең, қайтеді?» деген әнімді Та¬ма¬ра Асар шырқайды. «Соңғы үміт¬ті» – Жазира мен Жанболат, «Сү鬬генін аңсауды» – Әділхан Сла쬬хан мен Дана Маханбаева, «Қବриялар азайып бара жатырды» ақ¬т¬өбелік, өте талантты әнші Есет Сәд¬уақасов тыңдармандар наза¬ры¬на ұсынады. «Шағаласы Шар¬да¬раның» деген жаңа әнімді – Жұ¬баныш Жексенұлы, «Сыр¬да¬рия жа¬ғалауы» әнімді «Каспий» то¬бы орын¬дайды. «Ұмытпа, мені аяулым» де¬ген әнімді өткен жылы Шым¬кент қа¬ласында өткен Шәмші Қалдая¬қов атындағы бай¬қа¬у¬да ком¬по¬зи¬тор атындағы жүл¬де¬ні жеңіп алған Ер¬тіс Айдосұлы жа¬ңаша сипатта тар¬ту етпек. Ән¬дердің орын¬дау¬шылары ауыс¬қа¬ны әннің жаңа қы¬рын ашуға сеп¬тігін тигізетін шығар деп отыр¬мын. Кешті «Қа¬зақ¬стан» ұлттық арнасы түсіреді. Мә¬дениет және ақ¬парат министрі Мұхтар Құл¬мұ¬хам¬мед пен осы ми¬нистр¬лік¬тің Ақ¬парат және мұрағат ко¬ми¬те¬тін¬ің төрағасы Бауыржан Омаров ті¬¬келей қолдау көрсетіп отыр. Сондай-ақ көмек қолын со¬зудан жବлықпайтын Өмірзақ Сәр¬сенов, Амангелді Ермегияев, Қуа¬ныш Ай¬таханов, Бердібек Са¬пар¬баев, Блат Әбілов, Әлихан Бәй¬ме¬нов, Нұр¬тай Сабильянов, Ізба¬сар Бұ¬заев сияқты қайраткерлер мен дос¬тарыма шексіз алғысымды біл¬діремін. Баяғыда кеш өт¬кіз¬генде шаршап-шалдығып жү¬ретінмін. Қазір Құдайға шүкір, кө¬ңілім тоқ, ұйқым тыныш.
– Екі жыл бұрынғы сұх¬ба¬тымызда қазақ вальсінің королі Шәм¬ші Қалдаяқовтың атын ұлық¬тау мақсатында бірқатар шара¬лар¬ды жүзеге асырсам деген жос¬па¬рыңыз болған еді. Соның біра¬зы¬ның жүзеге асқанынан көпшілік ха¬бардар. Енді қандай шаруалар ше¬шімін таппай жатыр?
– Бұйыртса, келесі жылы сту¬дия ашпақпын. Ол орталық Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Әбі¬л¬ахат Еспаевтың және өз ән¬де¬ріме клип түсірумен айналысады. Қа¬ла әкім¬шілігі Шәмші Қалдаяқов атын¬дағы дирекцияға өз ғи¬ма¬ра¬тын тұрғызу үшін арнайы жер бөл¬мек. Бұл жүзеге асса, шығар¬ма¬шылық одағымызға арнап, ғи¬марат салмақ ойымыз бар. Келесі жы¬лы Шәмші Қалдаяқовтың 80 жыл¬дық мерейтойы өтеді. Осы ша¬раға дайындықты қазірдің өзін¬де бастап кеттік. Алдағы жылдан бас¬тап ақындардың жыр мүшәй¬ра¬сын, композитор шығарма¬шы¬лы¬ғына арналған ғылыми кон¬фе¬ренциялар мен ақындар айтысын, балуандар күресін өткізбекпіз. Бұ¬дан бөлек, облыстарда Шәмші ән¬де¬рінің кеші ұйымдастырылады. Қай¬таланбас өнер тарланына ар¬налған 12 кітаптан тұратын топта¬ма¬ның тұсауын кеспекпіз. 2030 жы¬лы Шәмші Қалдаяқовтың 100 жыл¬дығы ЮНЕСКО көлемінде өте¬тін болса, соған қол жеткізе ал¬сам, сол күнге аман-есен өзім жет¬сем, үлкен іс тындырған болар едім. Ал мен жете алмасам, бас¬таған жұ¬мы¬сымды әрі қарай жал¬ғасты¬ра¬тын ниеттестерім же¬тер¬лік.

 

Әңгімелескен Қаншайым БАЙДӘУЛЕТОВА
«Айқын» газеті, 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір