Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4036 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 04:39

Алматы апортын қайта тірілтуге кім кедергі?

Қаланың атының өзі айтып тұрғанындай, Алматы – ежелден алманың отаны. Бұл жер сан ғасыр бұрын Алмалық атанып, мұнда алманың неше алуан түрі отырғызылып, өсірілген. Тарихтан белгілі жайт, ежелгі «Жібек жолымен» жүрген көпестерге жергілікті тұрғындар аманат айтып, олар әлемнің қай жерінде қандай алма сорты болса, соны алмалылық бағбандарға әкеліп беріп отырған. Осылайша, орыстар келіп қоныстанғанға дейін де ежелгі Алмалық (қазіргі Алматы) алма атаулының отаны атанған. Мұны көне тарих та растай түседі.

Қаланың атының өзі айтып тұрғанындай, Алматы – ежелден алманың отаны. Бұл жер сан ғасыр бұрын Алмалық атанып, мұнда алманың неше алуан түрі отырғызылып, өсірілген. Тарихтан белгілі жайт, ежелгі «Жібек жолымен» жүрген көпестерге жергілікті тұрғындар аманат айтып, олар әлемнің қай жерінде қандай алма сорты болса, соны алмалылық бағбандарға әкеліп беріп отырған. Осылайша, орыстар келіп қоныстанғанға дейін де ежелгі Алмалық (қазіргі Алматы) алма атаулының отаны атанған. Мұны көне тарих та растай түседі.
Ал Алматының апортына келсек, сол жақсы дәстүр жал¬ғасын тауып, 1865 жылы Во¬ронеж губерниясының Егор Редько есімді тұрғыны ежел¬гі Алмалық қаласына (қа¬зіргі Алматы) қоныс ау¬дар¬ғанда өзімен бірге бірсыпыра ал¬ма көшеттерін ала келе¬ді. Сөйтіп «Егордың Алатаудың баурайына өз қолымен еккен бір¬неше тал алмасы уақыт өте келе, дәлірек айтқанда, 15 жыл¬дан соң алып апорт бағы¬на айналды» деген пікірді қа¬ла¬ның қарт тұрғындары жас¬тарға жыр ғып айтады. Сөй¬тіп, мұның өзі дәл осы аймақтың апорт алмасын өсіруге ежел¬ден өте қолайлы бол¬ған¬дығын нақты айқындай тү¬се¬ді. Мұнда алғашқы жыл¬дар¬дың өзінде салмағы 400 грамм, дәмі тіл үйіретін алма¬ның түрі пайда болады. Ал қа¬рапайым шаруа Егор апорт¬тың көшет¬терін сұрап келген тұрғындарға оны өсірудің технология¬сын да талмай үйретеді. Осы¬лайша, Алматы апортының ба¬ғы жанады. Мысалы, 1908 жы¬лы алғаш рет Германияда өтк¬ен бау-бақша өнімдерінің көр¬месінде көне қала Ал¬ма¬лықта өсірілген апорт алмасы өте жоғары бағаланды. Осы көр¬меге қатысқан көрнекті биолог-ғалым А. Гагарин: «Ман¬нгейм (Германия) қала¬сын¬дағы көрмеде Алмалық¬тың апорты өзінің қайта¬лан¬бас дәмімен, көлемімен бау-бақ¬ша ғалымдары мен комис¬сия мүшелерін қайран қал¬дыр¬ды», – деп жазды өзінің естелігінде. Шындығы, осы!
Апорттың бір ерекшелігі, ол басқа алмалардай кез кел¬ген жерде өспейді. Тек ғана то¬пырағы шұрайлы тау беткейінде, теңіз деңгейінен 900 – 1200 метр биіктікте жақсы өсе¬ді. Мұны бау-бақша зерт¬теу¬ші ғалымдар дәлелдеп те отыр. Тіпті тарихтан белгілі бір жайт, СОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Лео¬нид Брежнев өзі билік құрған жы¬лдары Алматыдан Крем¬ль¬¬ге апорт алмасының үздік¬сіз жеткізіліп тұруын күн бұл¬жытпай орындайтын тап¬сыр¬ма ретінде өзінің көмек¬ші¬леріне жүктеген көрінеді. Мі¬не, мұның өзі Алматы апор¬ты¬ның маңызы қаншалықты бол¬ғандығын көрсетсе керек. Бір ғана дерек, 1970 жылы Ал¬маты аймағында он мил¬лион¬ға жуық алма ағаштары бол¬са, мұның төрт миллионнан ас¬та¬мы апорт алмасының үле¬сіне тиіпті. Егер өткенге көз жүгіртсек, Кеңес Одағына та¬қырбас Никита Хрущев бас¬шылық еткен жылдары бас¬қа емес, Алматыда ықшам ау¬дандар салу мақсатында сан мыңдаған гектар алқапта жай¬қалып жеміс беріп тұрған апорт алмасының бағы ота¬лып кетіпті. Ол – ол ма, егер шын¬дығын айтсақ, Алматы қа¬ла¬сын әр жылдарда бас¬қар¬ған басшылар апорт алма¬сы¬на қас жауындай шүй¬лі¬гіп¬ті. Міне, соның салдарынан күні кеше әлемді таңдан¬ды¬рып, тамсандырып келген, сөй¬тіп, Алматының ғана емес, Қазақстанның атын ай¬дай әлемге паш еткен, ше¬тел¬діктерді өзіне іңкәр еткен әй¬гілі апорт бақтары көзден бұл- бұл ұшып, арманға ай¬налып барады. Ал қаланың қа¬зіргі басшылары көше бой¬ларына «апортты сақтап қа¬лайық!» деген мәтіндегі би¬ль¬борд¬тар¬ды, ал Көктөбеге апорт¬тың жан¬сыз «бейне ес¬керт¬кішін» қою¬мен ғана шек¬теліп қалды. Сірә олар да апорт¬ты аңсап жүрген болуы ке¬рек. Бәлкім, бұл апорт ба¬ғын жаңғыртуға дәрмен¬сіз¬дік¬тен болар. Де¬ген¬мен әзірге Ал¬матының кө¬не¬көз бағбан¬дары ғана әйгілі апорт¬ты жан-тән¬дерімен сақ¬тап қалуға бейіл.
Атта ГУЛИЕВ, Алматы оᬬ¬лы¬сы «Алатау» ауылының тұр¬¬ғыны:
– Біздер, біртоп бағбан¬дар¬¬дың апорт алмасының жо¬ғын жоқтап жүргенімізге біраз жылдың жүзі болды. Не¬ге десеңіз, шенеуніктердің ке¬сірінен кешегі алма бақтары аяу¬сыздықпен оталып, алқап же¬кеменшік адамдарға саты¬лып кетті. Соның салдарынан кешегі алма бағы орнына қал¬талылар мен байлар зәулім кот¬тедждер салып тастады. Тым болмағанда алма бағы¬ның қалған алқабын қорғап қалу мақсатында біз заңдық тұр¬ғыдан талай мәрте сотқа жү¬гіндік. Алайда Қарасай ауда¬нының осы істі қараған судья¬лары заңды белінен ба¬сып, өрескел заң бұзушы¬лық¬тарға жол берді. Соның сал¬дары¬нан біздің апорт алма ба¬ғын сақтап қалу мақсатын¬да¬ғы іс-әрекетіміз, жанай¬қайы¬мыз ешкімге де керексіз бо¬лып қалып отыр. Шын¬туа鬬тына келсек, бұрынғы «Ала¬тау» совхозындағы бау-бақ¬ша бұрын мұнда өмір сүр¬меген қайдағы бір адам¬дар¬дың меншігіне тиіп отыр. Ал олар алма бағын отап, өз біл¬ген¬дерін жасауда. Біз Үкі¬мет¬тің араша түсуін өтінеміз.
Ержан Ахметов, «Ала¬тау» ауылының көнекөз бағ¬баны:
– Біз өмір бойы тұрмыс ке¬шіп келе жатқан «Алатау» ауы¬лы апорт алмасын өсіру¬ден еліміздегі бірден-бір көш¬бастаушы еді. Кеңес Одағы уақы¬тында біз 1340 гектар ал¬қапқа апорт өсіріп, сол ал¬қап¬ты күтіп-баптадық. Апортты елі¬міздің қажетіне, тіпті ар¬найы тапсырыспен Мәскеуге, бірқатар шетелдерге жөнелтіп те тұрдық. Ал қазір ше? Қазір алма бағы қырқылып бітуге ай¬налды. Біздің сан жылдар бой¬ғы өлшеусіз еңбегіміз, маң¬дай теріміз жергілікті ше¬неуніктердің ойланбай жа¬саған қадамының «құрбаны¬на» айналды. Құрбандыққа ай¬налды дейтінім сол, алма ба¬ғының орнына жаңбырдан кейін¬гі саңырауқұлақтай биік-биік дуалдар мен ша¬ты¬ры аспанмен тілдескен кот¬те䬬ждер пайда болды. Ең өкі¬ніштісі, Үкіметтің шешімімен рес¬публиканың түкпір-түк¬пірін¬де барлық ауыл тұрғын¬да¬рына заңдық тұрғыдан тие¬сілі жер телімдері бөліп бе¬рілу¬де. Ал «Алатау» ауылының ежелгі бағбандарына әлі күн¬ге дейін бір шөкімдей жер те¬лі¬мі тиген жоқ. Егер апорт ба¬ғын сақтап, онда алма өсіруге мем¬лекеттің жағдайы кел¬ме¬се, бізге заңға сәйкес жерді бө¬ліп берсін. Себебі, біздің ежел¬гі Алматы апортын қай¬та¬дан қалпына келтіруге то¬лық мүмкіндігіміз бар. Егер бү¬гін біз кейінгі ұрпаққа апорт алмасын өсірудің тәсіл¬де¬рі мен ережелерін үйрет¬пе¬сек, күні ертең бәріне де кеш бо¬лады. Сондықтанда ел бас¬шылары апорттың бола¬ша¬ғы¬на бей-жай қарамай, осы мә¬селені оңды шешуге қол ұшын бергені жөн. Біле біл¬сек, Ал¬ма¬тының апорты ар¬қы¬лы тәуел¬сіз еліміз – Қазақ¬стан¬ды әлем елдеріне барын¬ша жарқырата көрсетуімізге бо¬лады. Басқаны былай қой¬ған¬да, апортты тәуелсіз Қазақ елі¬нің брендіне айналдыратын кез жетті. Бәрі де біздің өз қо¬лы¬мызда!
PS:
Бір ғажабы, сонау бір жылдары дәл осы Алматыда салмағы 1 келі 800 грамм апорт өсіріліп, мұның мәнісін шетелдік ғалымдардың өздері бірнеше ай бойы зерттеген-ді. Тіпті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2008 жылы «Алматы апорты» деген жазуы мен суреті бар құны 500 теңгелік күміс ақшаны айналысқа шығарды. Ал осыдан тура үш жыл бұрын алма атаулының ғажайып сорты Алматының апортын қайта жаңғырту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен ғаламдық бағдарлама қолға алынған-ды. Дәлірек, айтқанда, сол жылы «Қазақстанның таулы аймағындағы алуан түрлі бау-бақшаны, оның ішінде, апортты сақтап қалу» жөніндегі халықаралық бағдарламаға сәйкес шетелдерден 6,5 миллион АҚШ доллары көлемінде донорлық көмек бөлінген-ді. Алайда, осынау мол қаржының қайда жұмсалғаны күні бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Тек «баяғы жартас, сол жартас» күйінде. Себебі әл-әзір апорттың тағдырына араша түсетін шенеунік табылмай отыр. Бәлкім, ондай азамат қалталы ағайындар арасынан табылып қалар.

 

 

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ
«Айқын» газеті, 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір