Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 6722 0 пікір 24 Желтоқсан, 2014 сағат 11:59

Нұрлан СӘДІР. «ОНДА ВОЕННЫЙША СӨЙЛЕСЕМІЗ...»

- Астанаға көшіп келейін деп едім 
- Болмайды. Сізге көңілім толмай тұр
- Е, неге?
- Етегіңіз тым ұзын
- Мен ше?
- Жо-жоқ! Сізге де көңілім толмайды. Етегіңіз тым қысқа
- Ал мен ше?
- Сіздің де етегіңіз ...Түүу, еркек екенсіз ғой. Бәрібір көңілім толмайды. Етіңіз тым қатты
- Етімнің не қатысы бар
- Ну, сіздер жақсы өмір сүру үшін келесіздер. Жақсы өмір сүру үшін жақсы жұмыс істейсіздер. Жұмысты көп істеген соң онсыз да қатты етіңіз бәпше тастай болып қалмай ма? 
- Болса ше? Бізді пісіріп жейін деп жатқан жоқ шығарсыз?
- Фіуу, қандай грубыйсыз. «ТАСтың қаласы» деген атаудан арылта алмай жүргенде «ТАСтай қала» деген атау жабысқанын қаламаймын, білдіңіз бе?! Сосын сіздер тек материальный құндылықтарды ғана іздеп келесіздер
- Ал сіз материальный құндылықтарды іздемейсіз бе, не?!
- Құдай сақтасын! Материальный құндылықтар бізді өзі іздеп келеді!
- Сол келіп жатқан құндылықтардың еті мен етегіне қарамайтын шығарсыз, иә?
- Мен біраз жыл военный болған адаммын, менімен өйтіп сөйлеспеңіз! Біз короче көрмеде көрсетуге лайық адамдарды ғана кіргіземіз
- Жақсы онда, военный адаммен военныйша сөйлесерміз!..

Нұрлан Сәдірдің FB парақшасынан алынды. 

0 пікір