Сенбі, 20 Сәуір 2024
Қоғам 5535 0 пікір 27 Желтоқсан, 2014 сағат 01:21

Нұрлан СӘДІР. МЕН ЖЕМҚОРҒА СЕНЕМІН!


Одаққа кірмеудің амалын өзім таба алмағасын, қолынан іс келетін мықтыларды іздей бастадым. Жігіттер, давай, шындықты айтайық – біздің елде ең мықты кім? Дұрыс! Жемқорлар! Бұлардың ең үлкеніне жолығу мүмкін де және аса құлқым да болмағасын ортанқолдау бір жемқорға жолығуды жөн көрдім. 
- Жөке, ассалаумағалейкум!
- Иә, кімсің?! Жай жүрсің бе?
- Қатты жүрмін. Сізге бір деловой предложением бар
- Иә?
- Одаққа кірмеудің амалын жасаңыз
- С какой стати мен олай жасаймын?!
- Қалай түсінбейсіз! Сіз мысалы елді жеп жатсыз, иә?
- Ну, жеп жатырмын! Бұйырса, жей беремін. 
- Бұйырмайды!
- Е, неге?!
- Себебі ең әуелі және жылы-жұмсақты Мәскеудің жемқоры асайды. Ал сіз сол қалған-құтқанды жейсіз!
- Қой, ей! Қайдағыны соқпай!
- Шын! Айтпақшы, кезінде обкомда істеген әкеңіз тірі емес пе?
- Өй, әне жатыр ғой, сериал қарап.
- (Дауыс) Әй! Мына баланың айтқанының жаны бар – біз, ылғи, центрдің сүйек-саяғын мүжитін едік...
- Харошо, нақты не ұсынасың, сонда?
- Өзің сияқтыларға осыны айт, түсіндір
- Ал сендерге бұдан не пайда?
- «Елде болса ерінге тиеді» - сендер, бәрібір, аналарға қарағанда бәрібір әлі елсіңдер! Бәрін бірдей өздеріңіз жеп қоя алмайсыңдар, бізге де қалады дегендей...
- Қарайық, енді. Қолдан келсе
- Неге келмесін?! Мен жемқорға сенемін!

(Жазба автордың FB парақшасынан алынды)

Абай.kz 

0 пікір